Музей директоры Татьяна Александровна Стромскаяға Қазақстан метрополиттік аймағының Ордені тапсырылды
Невзоровтар отбасы атындағы облыстық бейнелеу өнері музейінің директоры Татьяна Александровна Стромскаяға берілген марапат бүкіл ұжым үшін маңызды әрі қуанышты оқиға болды. Қазақстан Республикасындағы Орыс Православ Шіркеуінің метрополиттік аймағының басшысы Астана және Қазақстан метрополиті Александрдың қолдауымен Өскемен және Семей Православ Шіркеуінің епархияларының қайырына орай, Татьяна Александровнаға «Қасиетті Вера, Надежда, Любовь және София» орденімен марапатталды. Марапатты Семей шіркеулік аймағының өкілі протоиерей Роман табыстады.
Бұл музей Татьяна Александровнаның ерік-жігерінің нәтижесінде құрылған. Әрине музей құру идеясын қолдаған адамдар да көп болды. Өз ісіне деген сүйіспеншілік, таңдалған жолдың дұрыстығында күмән болмау, сенім үміт , махаббат, барлығы бірігіп келіп, Қазақстанның белгілі мәдени орны, өнер ғибадатханасының құрылып қалыптасуына әкелді.
Қымбатты Татьяна Александровна! Музей ұжымы сізді осы марапатыңызбен шын жүректен құттықтап, бейбітшілік, береке және ұзақ ғұмыр тілейді!