Spread the love

Невзоровтар отбасы музейінде өткен отбасы күні

Ең жылы, тыныштық пен жайлылыққа , бір біріне деген қамқорлық пен махаббатқа толы қай жер болуы мүмкін? Бұл – обасы!

Өкінішке орай қазіргі қиын заманда әр отбасы көптеген сынақтарға тап болады. Кей отбасылар ажырасып жатады, кейбірінде берекек-бірлік жоқ. Өмірде кездесетін әртүрлі мәселелермен арпалысу кезінде берік отбасыны сақтап қалу қиын болады. Қазіргі күні отбасы қолдауды қажет етеді. Сондықтан еліміздің негізгі міндеттерінің бірі отбасыны қолдау. Өз отбасымызды сақтап қалу тек мемлекеттің міндеті емес, отбасын сақтап қалу әр адамның өз қолында.  Жыл сайын қыркүйек айының екінші жексембісі Қазақстанда отбасы күні атап өтілуде. Биыл мереке 14 қыркүйек күніне түсіп тұр.

Абай облысы Семей қаласындағы Невзоровтар отбасы атындағы облыстық бейнелеу өнері  музейі де бұндай маңызды шарадан шетте қалмады. Бүгін музей қызметкерлері ерекше жылулық пен мейіріммен қонаққа келген отбасыны қарсы алды.  Азамат, Назым, Айзере және Айару – әкесі, анасы және екі қыздары мүзей ішінде қызқты квестке қатысты. Отбасы мүшелерінің атаулары  жасырынған ребусты шешу, балалардың суреттері бойынша ертегіні анықтау, бірігіп пазлды құрастыру – тапсырмалардың түбінде үлкен мән-мағына жатыр. Ата-аналар мен балалардың арасындағы қарым-қатынастың нығаюына септігін тигізеді.

Міне Айару қолын көкке көтеріп тұр. Ол анасына  жасырылған түсті қимылмен түсіндіріп тұр. Қандай түс болуы мүмкуін? Ақ па, көк пе? Әрине көк түс, аспан түсі! Айзере қолымен раушан гүлін көрсетіп тұр, әкесі қызыл түс жасырынғанын бірден тапты. Квест жүргізушісі Сивашова Юлия Валериевна, музейдің кіші ғылыми қызметкері. Оның дайындаған өте көп қызықты әрі күрделі сұрақтары бар. Алайда, балалар тез әрі оңай жауап беруде, әсіресе әкесі сыбырлап көмектескен кезде. Әр отбасыда қандай адами қасиеттер мен құндылықтар болуы керек? Бұл сұраққа жауап беру үшін сөзжұмбақ шешу тапсырмасын орындау қажет. Қатысушыларымыз барлық сөздердің шешімін тауып, ең маңызды қорытынды жасайды – отбасылық бақыт пен береке-бірлікті сақтап қалу үшін отбасы мүшелерінің арасында  Махаббаттың болуы маңызды орын алады.

Scroll to Top