17.06.2026

Музейдегі жаз

Музейдегі жаз – жарқын әсерлер мен қызықты жаңалықтарға толы ерекше кезең. Жас келушілер үшін музей шығармашылыққа баулып, таным көкжиегін кеңейтетін қызықты әлемге айналады.
Жазғы маусымның жарқын шараларының бірі – Невзоровтар музейінің ғылыми қызметкері Ю.В. Сивашова ұйымдастырған «Достық жолымен» квест-ойыны болды. Оған «Глушковтардың ЖАҢА СТУДИЯСЫНЫҢ» оқушылары қатысты.
Қатысушыларды жұмбақтар мен шығармашылық тапсырмаларға толы танымдық саяхат күтіп тұрды. Әр станцияда балалар тапқырлықтарын, зеректіктері мен байқампаздықтарын танытып, бірлесе әрекет етудің және достықты бағалаудың маңызын сезінді.
Квест жаңа білім мен жарқын әсер сыйлап қана қоймай, өзара түсіністік, мейірімділік пен командалық рухтың құндылығын ұғындырды. Барлық қатысушылар көтеріңкі көңіл күймен тарқасты.
Музей ұжымы «Глушковтардың ЖАҢА СТУДИЯСЫНЫҢ» оқушыларына белсенді қатысқандары және музейді қуаныш пен достық атмосферасына бөлегендері үшін шынайы алғысын білдіреді.

 

#НевзоровтарМузейі #ЖазғыДемалыс

 

Scroll to Top