Ретроспектива. Музейдің балалар көркемсурет студиясының есеп беру көрмесі
Халықаралық балаларды қорғау күнін мерекелеу аясында және оқу жылының соңында 3 маусымда ШҚО Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейінің көркемсурет студиясы «Ретроспектива» атты есептік көрме ашты. Бұл көрменің мақсаты бір жыл ішінде атқарылған жұмыстар туралы есеп беру ғана емес, сонымен қатар «сол кезде» және «бүгін» жас суретшілер арасындағы өзіндік «уақыт байланысын» бақылау екенін көрсетеді. Көрмеде…