Өнер саласындағы «Umai -2022» ұлттық сыйлығы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитеті (бұдан әрі – Комитет) Өнер саласындағы Umai ұлттық сыйлығының тағайындалғанын хабарлайды. Сыйлық төрт негізгі санатта ұсынылды: «Театр өнері», «Хореографиялық өнер», «Музыкалық-орындаушылық өнер», «Бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер», олардың әрқайсысында өз аталымдары анықталған. Бұдан бөлек, «Umai-2022» сыйлығы аясында Қазақстандағы Балалар жылына орайластырылған «Үздік балалар спектаклі үшін» арнайы сыйлығы тағайындалды.…