Музыканы қалай салып, кескіндемені қалай естуге болады?

Бейнелеу өнері музейінде швед суретшісі, лингвист, оқытушы және арт-терапевт Александра Бергдаль-Ларссонның шеберлік сабағы – тамаша іс-шара өтті. Арт-терапия – бұл психологиядағы перспективалы бағыттардың бірі, ол жақында танымал бола бастады. Бұл музыка, кескіндеме, шығармашылық арқылы адам психикасына әсер ету процесі. Александра Бергдаль-Ларссон нейрологиялық ерекшеліктері (афазия, деменция) және аутистік спектр диагнозы бар адамдармен арт-терапевт ретінде жұмыс істейді.…