Араласу

  6 шілдеде бүкіл Қазақстан Елордамыздың туған күнін тойлайды. Биылғы жылы оның есімі Астанадан Нұр-сұлтанға ауыстырылған. Біздің мемлекетіміздің тарихында жаңа оқиғалар парақтары ашылуда. Невзоровтар музейі бүгінде мейрамды мерекелеуден тыс қалмай, Елорда күнін атап өтуде.

  Мереке қарсанында музей қызметкерлері бірқатар іс-шаралар өткізді.  Біздің қаланың орталық алаңында ән шырқайтын субұрқақ әуенімен  Елорданың басты көрікті жерлерімен шағын фотокөрме өткізілді.

  Іс-шара аясында музей қызметкерлері интерактивті көркем акция өткізді, онда әрбір адам, бала, жасөспірім немесе ересек адам, өзін суретші ретінде көрсете алды. Біздің сұлу Елордамызды қағаз бетіне түрлі бояулар мен ұсақ борлармен бейнелей алды.

  Сонымен қатар, барлық тілек білдірушілер белгілі қазақстандық суретші Ғалым Қаржасовтың “Шашу” суреті бейнеленген үлкен пазлды құрастыруға қатысты.

  Осылайша, қала тұрғындары шебердің шығармашылығымен жақынырақ танысуға мүмкіндік алды. Нәтижесінде қатысушылар тағы да жақсы көңіл-күйге бөленіп, ал ең шығармашыл  және белсенділер естелік кәдесыйларға ие болды.