Араласу

Семей қаласының әйгілі қолөнер шебері   Асылбай Абылайхан Қалқаұлымен кездесу шарасы өтті.

  Елбасымыздың «100 жаңа есім». «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, өңірімізге есімі әйгілі қолөнер шебері Асылбай Абылайхан  Қалқаұлының қала жастарымен «Ұлы дала мұрасы» атты кездесу шарасы ұйымдастырылды.

  Аудитория қонақтары ретінде Семей қаласы бизнес және сервис  колледжі,  Шәкәрім атындағы мелекеттік университетінің «Дизайн және бейнелеу» факультет студенттері, сонымен қатар аталмыш оқу орынның оқутышылары  мен қолөнер шеберлері  Сағат Адылханұлы және Құрман Абайұлы қатынасты.

  Кездесу кешінің басы, қазіргі таңда Қазақстанның түпкір-түпкірінде қолға алынып жатқан «100 жаңа есім» жобасы туралы жастарға толыққанды түсіндіру дәрісі оқылып, жобаның нақты мақсаты пысықталды.

  Осы бағдарлама аясында қаламыздың мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасынан, есімі «Қазақстанның 100 жаңа есім»  тізіміне енген Абылайхан Қалқаұлының өмір жолдарымен осы күнге дейін  жеткен жетістіктері жайында біраз мәліметтер оқылды. Шара барысында Абылайхан шебер, жастарға жарымжандылықтың ешқандай өнерге кедергі бола алмайтындығын және қарапайым еңбек сүйгіштіктің арқасында түрлі жетістіктерге жетуге болатындығын айтып,  шеберлік өнердің  жан-жақты қыр-сырымен бөлісті. Сонымен қатар шебер қазақ халқының материалдық мәдениетінің бір ұшқыны болып табылатын, ұсталық өнердің нағыз дәстүрлі үлгілерін  жастарға дәріптей  отырып, қолда бар шикізат көздерін оңтайлы қолдана білу жолдарын түсіндірді.

  Шара барысы аудитория тарапынан өнердің әр қырынан  біраз сұрақтар қойылып, Абылайхан аға тарапынан тәрбиелік мәні бар біраз ұтымды жауаптармен қанағаттандырылды.  Шебердің  жеке өмірі мен ұстаханадағы жұмыс барысы жайында біраз мәлметтер, арнайы әзірленген бейнебаян,  слайд суреттері арқылы  көпшілік назарына ұсынылады.

  Қолөнер шеберлері Сағат Адылханұлымен Құрман Абайұлы өздерінің шеберлік қабілеттері жайында бөлісіп, Абылайхан Қалқаұлына   шеберліктің шыңынан көріне беруіне тілеулес лебіздерін  білдірді.

  Шара соңында, Абылайхан Қалқаұлына Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейі басылымынан «Қазақстанның бейнелеу өнері» атты  каталог кітабы сыйға беріліп  музей қызметкерлерінің  құтықтау алғысымен жалғасты.