Араласу

  Өткен «Музей түні» акция оқиғалары «Армандарды іске асырайық!» атты ұранмен өтті. Осы ұсыныспен, арманды іске асыру арқылы біз қала тұрғындарына бес жасар Алияр Гинаятты қолдау үшін қайырымдылық аукционын ұйымдастырған болатынбыз. Бала анасымен бірге бірнеше ай бойы қорқынышты диагнозбен күресіп келеді – ми ісігі.
  Бұл игі істі жүзеге асыруға біздің бұрынғы достарымыз – қалалық фотографтар көмектесті. Аукционға қатысу үшін олар өздерінің үздік жұмыстарымен таныстырды, олардың көбі өткен жылдың қараша айында музейде өткен «Рухани жанғыру» облыстық көрме-конкурсының қатысушылары мен жеңімпаздары атанған.
  Осы адамдардың қайырымдылығының және жомарттығының арқасында «Қайырымдылық марафоны» өтті, нәтижесінде баланың отбасына отыз мың (30.000) теңге көлемінде қаражат жиналды және тапсырылды. Тағы бір рет, аса ризашылықпен олардың аттарын еске түсірейік. Олар: Юлия Подлеснова, Владимир Прокопенко, Андрей Куряшкин, Денис Полковников, Арина Ратушнова-Осинцева, Денис Комиссаров, Альфия Шакиржанова, Андрей Неудачин. Сіздерге Үлкен Рахмет!
  Ұйымдастырушылар, сондай-ақ, басқаның қайғысына бей-жай қарамаған және аукционда фотографтардың жұмыстарын сатып алған адамдарға алғысын білдіреді. Жақсылық жасауды жалғастыра беріңіздер және ол Сізге міндетті түрде оралады!
  Алиярға зор денсаулық тілейміз және оның тез арада сауығып кетуіне үміттенеміз!
  P.S. Еске сала кетейік, Алияр Гинаятқа көмек көрсетуге ниет білдірушілер оның анасымен мына телефон арқылы байланыса алады: ….. +7 705 1699077