Араласу

Бұл шындық!  Не үшін жасырамыз?

Балалар сурет салғанды өте, өте жақсы көреді!

Қағазда, асфальтта, қабырғада

Және терезесін трамвайда!

Э. Успенский

   Осымен жиырма екінші рет қаламыздағы ең ескі балалар көркем студиясы кішкентай балаларға есігін айқара ашуда: суретті салуды ұнататын  қыздар мен ұлдар.  Музейдің балалар студиясы ешқашанда балаларға іріктеу жасамайды, бірақ таңдау бар – бала сурет салуды ұнату керек! Болды! Сурет салу ынтасы және тәжірибелі педагог жұмысы – табыс кепілі!

   Балалар музейдегі сабаққа қуана барады. «Мектепке барғысы келмейді, ал студияға – жүгіреді» деп көптеген ата-аналардың түсінбеуі кездейсоқ емес.    Мектепте сабақ болмай қалған күндердің өзінде музей адамға толы.  Жылы да жайлы студия залдары балалардың дарындылығын ашуға көп жағдай жасайды.

   Жаңа оқу жылы басталады! Студияның өмірі музеймен   тығыз байланыста. Студиялықтар жаңа көрмелер мен іс-шараларға дайындалуда.    Студиялықтар – белсенді халық. Сондықтан алға достар, жаңа жетістіктерге!