Конституция Күні қарсаңында Невзоровтар отбасы атындағы музей залдарында кезекті қызықты іс-шара өткізілді. Бұл № 8 балалар үйі тәрбиеленушілерінің «Біздің айналамыздағы әлем» атты музейлік білім беру-танымдық жобасы аясында Жастар жылы шеңберіңде ұйымдастырылған авторлық фотосуреттерінің көрмесі.
Жоба бірнеше кезеңнен тұрды. Шілде айында музей қызметкерлері «Орбита» жазғы сауықтыру лагеріне барып, көркем фотосурет бойынша мастер-класс өткізген. Іс-шараға шақырылған танымал қалалық фотограф Денис Комиссаров, көптеген облыстық және өңірлік көрмелердің және көркем фотосурет бойынша конкурстардың қатысушысы мен жеңімпазы «шеберлік құпиясымен» бөлісуге келісті. Тәжірибелі шебердің басшылығымен балалар көптеген қызықты суреттер жасады. Енді үлкен саннан іріктелген ең үздік жұмыстар «Біздің айналамыздағы әлем» музей көрмесінде ұсынылып отыр. Бұл 9-15 жас аралығындағы 10 қатысушының 25 фотосуреті.
Авторлық шығармалардың тақырыбы әр түрлі. Бұл Михайлов көлдерінің айналасындағы флора мен фауна, спорттық жарыстардың қызықты сәттері, жазғы демалыс күндері, тақырыптық натюрморттар және, әрине, балалар үйінің тәрбиеленушілерінің достары мен жора-жолдастарының портреттері. Балалар үшін бұл жаңа тәжірибе танымдық, қызықты болды және көптеген жаңа әсер алды деп үміттенеміз.
Ашылу салтанатында балалар көрмеден алған әсерлерімен бөлісіп, суретші-фотограф Денис Комиссаровтың сөздерін тыңдап, ұйымдастырушылардан белсенді қатысқаны үшін естелік сыйлықтар мен грамоталар алды. Мерекенің соңында А. С. Пушкиннің «Салтан патша туралы ертегісі» шығармасының қуыршақ спектаклін дайындаған музейдің балалар көркемсурет студиясының оқушыларының театрландырылған қойылымы болды.