Араласу

  Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейі Жаңа жылды  балалар көркемсурет студиясының оқушыларының “Жаңа Жылдық көңіл күй” шығармашылық жұмыстар көрмесінің ашылуымен  қарсы алды. 49 қатысушының 57 жұмысы музей залын безендіріп, жылы, мерекелік атмосфераны сыйлады. Балалар суреттерінің сюжеттері арасында көңілді қысқы ойындар, Аяз Ата мен Ақшақардың портреттері, жаңа жылдық ертегінің сұлулығы да бар.

   Жаңа жыл-бұл сиқырлы, ғажайыптар мен тілектердің орындалу уақыты. Міне, біздің музейдің балалар көркемсурет студиясының оқушылары үшін жаңа жылдық көрменің ашылуы ертегі саяхатымен аяқталды. Мыстан кемпір, өзін суреттемеген балаларға ренжіп, өзінің қол астындағы достарымен бірге сыйлықтар мен құттықтауға лайықты балалардың тізімін ұрлап кетеді. Аяз Ата мен Ақшақар, шошқа, ит және əтешпен бірге жас суретшілерге сыйлықтар мен тізімді қайтару керек болды.

  Музей залдарында оларды түрлі сынақтар күтіп тұрды. Сиқырлы алаңнан өту, пантомима арқылы суреттеу және сандар орнына жұмбақ силуэттері бар ерекше тапсырмаларды шешу. Әрине, Мыстан кемпірдің де портретін салу керек болды. Барлық тапсырмаларды балалар мінсіз орындап, Аяз Атаға қап пен тізімді қайтарды. Олар, көрмеге қатысқандары үшін сыйлықтар мен дипломдарға ие болды.

   Бұдан басқада, студия оқушыларын тағы бір тосынсый күтті. Студияның талисманы – мейірімді пілден жаңа жылдық құттықтау.  Жаңа жыл нағыз ғажайыптар кезі! Пілдің баласы тіріліп, сөйлей жөнелді…  Ол балаларға жақсы көңіл-күй, оқуда табыс және Жаңа жылда шығармашылық шабыт тіледі!