«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Шығыс Қазақстан облысының ауылдық аймақтарына көшпелі іс-шаралар жоспарланған. Өткен дүйсенбі күні Көкентау ауылындағы Знаменка орта мектебінде біздің дәстүрлі «Невзоровтар музейі әлемі» акциясы өтті.
Мектеп оқушылары үшін музей қызметкерлері музей қорынан алынған шығармалардың факсимильді репродукциясы көрмесі бойынша бірқатар қызықты экскурсиялар өткізді. Қантарбаева Әйгерім, Әбешова Жанар, Әбілханқызы Әлия балаларға музей қызметі, біздің жаңа жобаларымыз және болашақ жоспарларымыз туралы айтып берді. Ал, қоласты табиғи материалдардан панно жасау бойынша шығармашылық тренингте бастауыш сынып оқушылары үлкен ынтамен және ықыласпен тамаша шығармашылық жұмыстарды орындады.
Жоғары сынып оқушыларына Қазақстанның бейнелеу өнері бойынша тақырыптық дәріс ұйымдастырылды. Ғылыми қызметкер Халитова Ильвира оларды музей қорынан танымал қазақстандық суретшілер – Әбілхан Қастеевтің, Айша Ғалымбаеваның, Салихитдин Айтбаевтың, Сабур Мамбеевтің және т. б. шығармашылықтарымен таныстырды. Дәріс олардың шығармаларын компьютерлік проекциялаумен сүйемелденіп, балалардың қызығушылығын тудырды.
Келесі сапар нүктесі Бұлақ ауылы болды, оның орта мектебінде музей қызметкерлері жоғары сынып оқушыларына арналған музей бойынша виртуалды экскурсия өткізді. Әңгіме барысында оқушылар музейдің құрылу тарихымен, қорды жинақтаумен және жоспарланған жаңа жобалармен танысты. Ал кіші буын оқушыларына арналған шығармашылық сабақтар үлкен қуанышпен қарсы алынды, өйткені балалар жаңа техникамен танысты – «Тастарды теңіз әлемі мекендеушілеріне айналдыру» және өз суасты әлемін құру. Бұлақ мектебінің оқушылары Невзоровтар музейімен жиі кездесуге ниет білдірді.
Осындай акцияларды музейдің алғаш өткізуі емес. Біз көрерменмен кез келген кездесуге қуаныштымыз және ауылдық мектеп мекемелеріне қуана барамыз. Бұның алдында қызметкерлер Новошульба, Зубаир, Канонерка, Новопокровка және т. б. ауылдарының мектептерінде болды. Осындай білім беру-танымдық жұмыс одан әрі жалғасатын болады.