Араласу

«СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ЖОҚ ӘЛЕМ!»

балалардың жемқорлыққа қарсы суретінің қалалық конкурсының ЕРЕЖЕСІ

Жалпы ережелер

1.1.     Осы Ереже Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін оқу орындары мен қосымша білім беру мекемелерінің 1-4 сынып оқушылары арасында өткізілетін «Сыбайлас жемқорлық жоқ әлем!» балалар суреттерінің қалалық конкурсын (бұдан әрі – Конкурс) ұйымдастыру және өткізу тәртібін анықтайды.

1.2.     Конкурсты ұйымдастырушы – ШҚО мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, Семей қаласындағы Невзоровтар отбасы атындағы ШҚО бейнелеу өнері музейі.

1.3.     Конкурстың міндеттері:

– қазіргі қоғамдағы сыбайлас жемқорлық мәселесіне оқушылардың назарын аудару;

– оқушылардың әлеуметтік белсенділігін арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру;

– сыбайлас жемқорлық фактілеріне теріс көзқарасқа, адал, заңға мойынсұнушылық өмір салтын насихаттауға бағытталған қоғамдық пікірді қалыптастыру;

– оқушылардың қиялын және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

 

Конкурсқа қатысушылар

2.1.  Конкурсқа Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін оқу орындарының 1-11 сыныптары, қосымша білім беру мекемелерінің оқушылары үш жас санаты бойынша қатысады: 1-4 сыныптар, 5-8 сыныптар, 9-10 сыныптар.

 

Конкурстың мазмұны

3.1. А4 (21×29, 7 см) және А3 (29,7×42 см) артық емес форматтағы қағазда орындалған жұмыстар қабылданады. Материал және орындау техникасы еркін.

3.2. Конкурстық жұмысқа мынадай мәліметтер қоса берілуі тиіс:

– білім беру ұйымының толық атауы;

– жұмыстың атауы (міндетті түрде);

– жұмыс авторының Тегі, аты-жөні, Туған жылы;

– педагогтың Тегі, Аты, Әкесінің аты( толық), лауазымы.

3.3. Қабылданатын жұмыстар саны: әр мектептен 5-тен көп емес;

3.4. Жұмыстар қосымша рәсімдеусіз толық түрде 2019 жылдың 22 наурызынан кешіктірілмей қабылданады.

3.4. Конкурстық жұмыстарды бағалау критерийлері:

– ұсынылған тақырыпқа сәйкестігі және оның өзектілігі;

– орындау техникасы;

– шығармашылық көзқарас;

– композициялық және түсті шешімнің батылдық және бірегейлігі;

– проблеманы шешудегі ойдың, тұжырымдаманың, тәсілдің бірегейлігі;

– автордың азаматтық ұстанымы.

 

 Конкурсты өткізу тәртібі мен шарттары

4.1. Конкурс 2019 жылғы 4 наурыз дан 5 сәуір аралығында өтеді.

4.2. Жұмыстар Семей қаласы, Пушкин көшесі, 108 мекенжайында 2019 жылдың 22 наурызынан кешіктірілмей қабылданады.

4.3. Конкурсты ұйымдастырушылар жекелеген жұмыстарды бұқаралық ақпарат құралдарында және ұйымдастырушылардың сайтында жариялау құқығын өзіне қалдырады.

 

 Конкурс қорытындысын шығару

5.1. Конкурс қорытындысы 2019 жылдың 5 сәуірінде шығарылады.

5.2. Жеңімпаздар әр жас санатында анықталады және Невзоровтар отбасы атындағы ШҚО бейнелеу өнері музейінің дипломдарымен және сыйлықтарымен марапатталады.

5.3. Конкурсқа жұмыс ұсынған мекемелер алғыс хаттарға ие болады.

 

Анықтама   телефоны: 522019 

ЗАЯВКА каз