Араласу

  Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейінің мамандандырылған кітапханасының қорында 12 мыңға жуық кітап басылымдары бар. Олардың басым бөлігі дүниежүзілік және отандық мәдениетке, бейнелеу өнерінің тарихы мен теориясына арналған, алайда тарих, философия, эстетика, дін бойынша әдебиет, ауқымды журнал қоры бар.  Кітапхана  қызмет еткен жылдар бойы халыққа эстетикалық тәрбие беру, сондай-ақ жастар арасында рухани бірлік пен патриотизмге тәрбиелеу бойынша жұмыстар жүргізуде. Кітапхана қызметкерлері үнемі әдеби-музыкалық кештер, тақырыптық кітап көрмелері, қаланың қызықты адамдарымен кездесулер және т. б. ұйымдастырады.

  Мемлекеттік және атаулы күндерге арналған соңғы күндері ұйымдастырылған кітап көрмелері келушілермен осындай қарым-қатынастың үлгісі болып табылады.31 мамыр күні Қазақстанда саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні аталып өтіліп, кітапхана қызметкерлері «Ешқашан ұмытылмас»  атты көрме ұйымдастырды. Көрме материалдарымен Аманжолов атындағы мемлекеттік университетінің студенттері танысты. (Өскемен қ.) Ал 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін мерекелеу күніне орай,  олармен тәуелсіз Қазақстанның тарихы, Мемлекеттік рәміздер мен т. б. туралы кітаптардан, журналдардан ауқымды материалдар жинақталды.«Ел рәміздері – тәуелсіздік кепілі» атты көрме музейге келушілер мен студент жастар арасынан өз тыңдаушыларын тапты.