Араласу

  Кеңінен тойланатын Қазақстанда мереке – Отбасы Күні – Невзоровтар музейі өзінше атап өтуге шешім қабылдады. Осы күннің қарсаңында қызметкерлер отбасылық топтармен қызықты іс-шара өткізді. Бірнеше балалар мен ата-аналарға осы жылы қыркүйек айы күнін қызықты да және пайдалы өткізуге жақсы мүмкіндік берілді.

  Музей жобасына төрт отбасы қатысты. Олар қалалықтар және қала қонақтары. Отбасылық топтарға естен кетпес сыйлық жасау ұсынылды – табиғи қолда бар материалдардан жасалған аппликация техникасында панно және фоторамка. Аппликация жасауға көмек құралдары түрлі болды: жапырақтар мен өсімдіктер тұқымдары, бұтақтар, гүлдер мен бүршіктер. Әке-аналар, қыздар және ұлдар қызықты бірлескен шығармашылыққа бірлесе қосылып, көптеген жағымды әсерге бөленді. Ал шеберлік-класстың артынан кейін музей бойынша шолу экскурсиясы оларды одан әрі Өнер Әлеміне деген қызығушылықтарын арттыруға шабыттандырды.

  Қазақстанда Отбасы мерекесі кеңінен жетінші рет атап өтілуде. Бүкіл ел бойынша түрлі іс-шаралар өткізілуде: спорттық жарыстар, карнавалдық флешмобтар, республикалық және аймақтық музыкалық-би конкурстары. Олар өздерінің басты мақсаты – отбасылық дәстүрлерді сақтау идеясын ұстанады. Өйткені, біздің халқымыздың көп жылдық тарихы, оның жаны, мәдениеті, рухани құндылықтары мен моральдық бағдарлары дәл осы жерде көрініс табып жатыр. Әрине, музей осы оң бастамалардан тыс қала алмады және жақсы дәстүрді аса қуанышпен қолдай кетті.