Алғыс айту күні қарсаңында Невзоровтар отбасы атындағы ШҚО бейнелеу өнері музейінің қызметкерлерімен қаланың оқу және интернат мекемелерінде бірқатар көшпелі іс-шаралар өткізілді.
«Қосалқы мектеп интернат» КММ тәрбиеленушілеріне әжелер, аналар, апалар үшін құттықтау ашықхаттарын дайындау бойынша қайырымдылық шығармашылық тренингтер өткізілді. Балалар үшін қызметкерлер алдымен слайдбағдарламамен сүйемелденетін ашықхатты жасау тарихына саяхат жасады. Одан әрі, балалар шығармашылық процесіне белсене кірісе кетті, олардың әрқайсысы өздеріне қымбат адамдарына «мейрімді жолдауды» жасауға өз жүректерінің бір бөлігін салуға тырысты. Соңында балалар музейге шығармашылықпен танылу мүмкіндігі үшін алғыстарын білдіріп , осындай кездесулердің тұрақты болуына тілек білдірді.
Мереке күндері №35 орта мектепте музейдің ағарту жұмысы бөлімінің қызметкерлері көшпелі іс-шаралар өткізді. Оқушылар үшін Невзоровтар отбасы атындағы өнер музейінің тарихы туралы дәрістер оқылды және скрапбукинг, тұзды акварель техникасында шығармашылық жұмыстар жасау бойынша мастер-класстар өткізілді. Балалар үлкен ынтамен қойылған тапсырмаларды орындауға қатысты. Бастауыш сынып оқушылары жұмыста қиын емес амалдарды меңгеріп, аналары үшін ашық хаттарды жасады. Балалар үшін жұмбақтар жасырылды,тілек білдірушілер Халықаралық әйелдер күніне арналған өлеңдерді безендіруге мүмкіндік алды.
Бұдан әрі Алғыс күніне арналған іс-шаралар Невзоровтар музей қабырғасында өтті. 1 наурыз күні қала тұрғындары мен қонақтары үшін “Ашық есік күні”қайырымдылық акциясы өтті. Қонақтар музейдің тұрақты экспозициясымен және жаңа көрмелердің экспозицияларымен танысуға мүмкіндік алды. Семей суретшілерінің «Рухани жаңғыру фотосуретшілердің фотобъективінде» атты көрмесі, сондай-ақ Алина Малякованың «Шын жүректен» балалар көркемсурет студиясының көрмесі келушілерді бей-жай қалдырмады.