Көрмеге Алина Малякованың балалар көркемсурет студиясының 32 оқушысының 80-ге жуық жұмыстары қойылған. Олардың барлығы соңғы жылда әртүрлі көркем техникаларда: маймен жасалған көркем суреттер, гуашь және акварельдер техникасындағы суреттер, қарындаш суреттерін, рождестволық періштелер тақырыбына арналған қуыршақ-инсталляция және т. б. орындалған. Жұмыстар жалпы тақырыппен біріктірілмеген, бірақ онда жас суретшілер көрермендермен өз армандарымен, естеліктерімен, қорқыныштарымен, уайымдарымен бөліседі, көркем әдебиетті тура қабылдауды көрсетеді. Көрме ашылуының алдында сабақтар үстіңде үздіксіз және жүйелі жұмыс жүргізілген, балалар іс-шараға жауапкершілікпен және ынтамен кіріскен.
Студияның өзі 2015 жылдың қарашасынан бастап жұмыс істеуде. Үш жыл бойы ол Alpha-Marino даму орталығында жұмыс істейді. Қазіргі уақытта онда 6 жастан 20 жасқа дейінгі отыз бала оқиды. Мектеп төрт оқушыдан құрылған, бір үстелі ғана бар кабинеттен студияның жайлы атмосферасы мен үлкен тату шығармашылық отбасына дейін жол кешкен. Оқыту келесі пәндер бойынша жүргізіледі: кескіндеме, графика, композиция, сәндік – қолданбалы өнер, мүсіндеу, дизайн. Сонымен қатар, онда жоғары оқу орнына түсу үшін шығармашылық емтихандарға дайындық жүргізіледі. Мерзімді түрде мастер-кластар қолданылады.
Студия жетекшісі Алина Игоревна Малякова – тәжірибелі педагог, «Семей» колледжін суретші және дизайн шебері мамандығы бойынша, сондай-ақ Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетін бейнелеу өнері және сызу пәнінің оқытушысы ретінде бітірген. Оның жетекшілігімен студия оқушылары алғаш рет өз жұмыстарын кең көрермендерге ұсынып отыр. Көрме студиялықтардың өздеріне, олардың ата-аналарына және музейге келушілерге көп жағымды сәттер сыйлайды деген үміттеміз.