Интернационалист-жауынгерлерді еске алу күні қарсаңында Невзоровтар отбасы атындағы ШҚО бейнелеу өнері музейінде Кеңес әскерлерінің шектеулі континентінің шығарылуының 30 жылдығына арналған кездесу өткізілді.
Радиотехника және байланыс, көлік колледжінің студенттері мен музей қызметкерлері Ауған соғысының ардагерлеріне құрмет көрсету, қаза болған сарбаздар мен офицерлерді еске алу үшін жиыналды. Кездесу Ауған соғысының видеохроникасынан басталды. Ол көрермендердің есіне сол сұрапыл күндерді салды.
Ауғанстан сол жерде соғысқан әрбір адамның бір бөлігі болып қалған. Көптеген адамдардың жүрегінде бұл соғыс өшпес жараны қалдырған. Бүгінде Семейде 400-ге жуық ауған соғысының ардагері бар. Жалпы Қазақстанда олардың 17 мыңы бар.
Бегатов Боранбай Оразбаевич, «Семей қаласының Ауған соғысының және жергілікті соғыстардың ардагерлері мен мүгедектері» ҚҰ төрағасы.Ол Ауғанстанда қаза тапқан семейліктер туралы, олардың естеліктерін мәңгі есте сақтау бойынша қандай жұмыстар жүргізіліп жатқаны туралы айтып берді. Өзінің жауынгерлік жолы туралы сұрақтарға жауап берді.Тәжік-ауған қақтығысына қатысушы Бекен Мухамедрахимович Укубасов Семей қаласының әскери-патриоттық тәрбие орталығының жұмысымен таныстырды. Орталықта қоғамдық негізде интернационалист-жауынгерлер музейі құрылған, онда 500-ге жуық экспонат жиналған.
Кездесу жүргізуші музей кітапханашысы Рысжан Сагынбаевна қазақстандық батырлар: ұшқыш Н. Майданов, «Қара-майор» Б. Төкенов туралы материал дайындаған. Біздің жерлестеріміз ең жақсы адами: батылдық, төзімділік, асылдық қасиеттерін көрсете білген. Әскери өмірдің қиын жағдайларында, үйден алыс, сағат сайын өлім қаупіне ұшырап, олар әскери антқа, әскери және адами борышқа адалдығын сақтап қалды.
1979 жылдың желтоқсанында «Ауған соғысы» деген сөзінің түбегейлі мәнің ешкім түсінген жоқ.
Тек «Қара қызғалдақ» қаза тапқан сарбаздар мен офицерлердің денелерін Отанына жеткізген кезде ғана кеңес азаматтары үшін бұл соғыстың не болуы мүмкін екені түсінікті болды.
Ауғанстанда 15031 адам қаза тапты, оның ішінде 924 қазақстандық. 46 семейліктер үйлеріне оралмады.Жиналғандарды құжаттық кадрлар, қаза тапқан семейліктердің фотосуреттері аясында соғыс туралы бейнефильмі тебіреңтпей қоймады. Ең танымал әндердің бірі – А. Розенбаумның ««Қара қызғалдақ» пилотының монологы» әні шырқалды.
Кездесу соңында қонақтар интернационалист-жауынгерлер музейімен бірге ұйымдастырылған көрмемен танысты. Көрмеге «ауғандықтардың» жеке заттары, құжаттары, ордендері, медальдары, ата-аналарға хаттары қойылды.
Барлық қатысушылар солдаттарға, офицерлерге, батылдық, ерлік көрсеткендерге, өздерінің әскери, азаматтық борышын адал атқарған және қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алып, құрмет көрсетті.