Өткен сексенінші жылдары Сергей Масловты Семейден Мәскеуге аспирантураны оқу үшін шығарып салғанда, «Мені шығарыңдар! Мен бұл жерден ұшып кете алмаймын, бұнда менің достарым!» – деп ұшақта айтқан сөздері үшін рейстен түсіріп алған.
Алматыны суретші Сергей Калмыковсыз елестету қалай мүмкін болмаса дәл солай Маслов және Семей, Маслов және Алматы ажыратылмас бір ұғымдар!
Ақыры міне Маслов және Астана! Ұлттық музейде Сергей Масловтың көрмесі ашылды. ШҚО Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейі қорындағы кескіндеме және графика жұмыстары оның «өзегі» болды.
Ұлттық музейінің холында «құс ұшарлықтай» биіктіктен қарағанда, «космостық-өте ашық көк бояулы» автопортреттен Сергей Масловтың көздері сәуле шашып тұрғандай. «SERGEY MASLOV» – деген жазу бар (кейде ол өз картиналарына осындай қолтаңба қалдырып отырған) шыны қабырға ауадағы бөгет сияқты болып, МАСЛОВ кеңістігіне келген жер адамдарына бір сәт бөгеу болады. Ал әрі қарай – суретші «әлеміне» лабиринтпен жүріп, шығу жолы біреу – «Жұлдызды көшпенді» жобасының авторларының қолымен жасалынған, МАСЛОВ деп аталынатын ғарышқа космостық киіз үйде жылжу. Невзоровтар музейінің архивінен түпнұсқалы және көшірмелі құжаттарды, ҚР Ұлттық өнер музейінің Заманауи өнер Орталығының қызметкерлерімен жиналған видео материалдар, келушінің әрбіреуіне суретші әлеміне және СЕРГЕЙ МАСЛОВ өмірінің өткені мен келешегіне деген өз құс жолын көрсетеді Ол әлемді, ондағы заттарды өзгеше көріп, соны бейнелеу өнер арқылы суретке түсірген.
Невзоровтар музейінің қызметкерлерінен, біздің қала тұрғындары, оның шәкірттерінің атынан, Ұлттық музейінің директоры Дархан Мынбаевқа, Заманауи өнері Орталығының жетекшісі Роза Абеноваға және барлық әріптестерге, біздің «таңданған жолаушымыз» – педагогика ғылымының кандидаты, нағыз ұстаз, жан жақты білімді, нәзік әрі мейрімді, зиялы адам, суретші Маслов Сергей Николаевичке арналған жобаға үлес қосқандары үшін, үлкен алғыс білдіреміз!