Музейде әйелдер тақырыбына арналған кезекті музей қорынан көрме ашылды. Бұл жолы экспозиция өмірге деген өзіндік, қайталанбас, әйелдердің көзқарасын ұсынды. Суретші-әйелдердің шығармалары, әдетте, эмоционалды, олар әрқашан махаббатқа, күйзеліске толы, сонымен қатар үміт беретін тыныштықты ұялатады.
«Сүйем ыстық сезіммен…» атты көрмеде кеңес дәуіріндегі суретшілердің және заманауи авторлардың көркем және графикалық туындылары ұсынылды. Олар Қазақстанның еңбек сіңірген суретшілері, Қазақстан өнер тарихының бір бөлігіне айналған А. Ғалымбаева, Е.Карасулова, О. Кужеленко, Е. Бейсембинова, біздің жерлесіміз, семейлік, Анна Денисовна Несинаның жұмыстары. Аға буын, Е. Нагаевскаяның, Е. Говорованың және т.б. атақты және еңбек сіңірген суретшілерінің туындылары экспозицияда лайықты орын алды.
Көрменің маңызды бөлігі заманауи танымал авторлардың жұмыстары болды. Бұл тек қазақстандық көркем ортада ғана емес, сондай-ақ бейнелеу өнерінің шетелдік бағалаушыларында да мойындатқан алматылық суретшілер Е.Воробьеваның, С.Сүлейменованың, Е.Григорьянның кескіндеме және графика жұмыстары. Олармен бірге жас суретшілердің: Д. Алиева, Р. Батпенова, А. Әубәкірдің бірқатар жұмыстары көрермен назарына паш етілді.
Біздің көрменің экспозициясы стильдер мен шығармашылық жазбалардың әртүрлілігімен таң қалдырады деген үміттеміз. Осы көктем айында Семей қаласының тұрғындары мен қонақтарын көрмеге қатысуға және суретші-әйел құрған қызықты және алуан түрлі әлемінің есігін ашуға шақырамыз!