Араласу

  Балалар әлемі және мереке. Бұлар тұтас  ұғымдар. Невзоровтар отбасы атындағы өнер музейі залдарында өткен кезекті мерекелік іс-шара балалар көркем студиясын дәл осындай қылып көрсетті.

  Кез келген балалар мерекесі әрқашан жан тебіріністері мен қуанышты сәттерге толы болады. Биылғы жылы 60-тан астам, жаңадан келген балалар, музей студиясының педагогтары Наталия Александровна Белякина мен Манат Саясатұлы Төребаевпен  арнайы дайындаған көптеген қызықты конкурстар мен тапсырмаларға қатысты.

  Топтарға ұйымдастырылған, олар викториналардың қызықты сұрақтарына жауап беруге тырысты: ахроматикалық және хроматикалық түстер дегеніміз не? Қолмен тоқылған кілем қайдан келді – гобелен? Латын әліпбиін кім ойлап тапты? Бейнелеу өнерінің әртүрлі түрлері мен жанрлары қандай?

  Жас өнертанушылар үшін графикалық тапсырмалар да дайындалды: байланған көзбен сурет салу, шимай жазу, еске алу бойынша Айши Ғарифқызы Ғалымбаеваның «Бауырсақ» натюрмортын қайта салып шығу, үш сурет бойынша бір натюрмортты жасау, Гайават туралы үнді эпосы бойынша түсті композицияны құрастыру.  Әсіресе балаларға мынадай қызықты байқау ұнады: музей экспозициясының туындылары бойынша әр түрлі: сызба бойынша, бір сөзбен, шифрленген заттар бойынша, Н.Некрасовтың «Аяз, қызыл мұрын»  поэмасы бойынша  және т. б.  картиналар жасау.

  Бұл уақытта залдарда не болып жатқаның, бір сөзбен жеткізу мүмкін емес еді. Мұны көру керек еді. Балалардың жүздерінде – құмарлық, интрига. Студиялықтардың біреуі музеймен жаңа ғана танысып жатса,  біреулері білімпаз ретінде музей экспонаттары арасында жақсы бағдарлана білді. Бір нәрсе ғана өзгеріссіз – барлық тапсырмалар танымдық, қызықты және кез келген музей туындысын жаңа күтпеген жағынан көрсетуге қабілетті.

  Іс-шараға ата-аналардың қатысуы ерекше қуанышты болды. Барлық отбасылық қамқорлықтан бір уақытқа босай отыра, олар музейге келіп, тағы да әдемі әлеммен табысу мүмкіндігіне ие болды.

  Мерекенің шарықтау шегі – «Студиялықтар» қатарына қабылдау рәсімі. Беттеріне түс белгісін сала отыра, пілдің бейнесі бар талисман алу – олар асыға күтетін кез келген студийцтің жоғарғы «марапаты». Дәстүр бойынша, балалар алдында музей директоры Татьяна Александровна Стромская сөз сөйледі.  Оның жылы шынайы құттықтау сөзі,  балалардың  барлық жаңа және беймәлім нәрсені тез қабылдағаш жүректерінің бір бөлігінде мәңгілікке орын алды деген үміттеміз.

  Мерекенің соңында студиялықтарды естелік сыйлықтармен марапаттау сәті өтті. «Ғажайып сөмкенің» пайда болуы,  балалардың қиялына  әр түрлі ғажайыптар туралы ой салды, ол бекерге емес еді.  Балалар бояу қораптарын сыйға ала отыра, музейден жақсы көңіл-күймен қайтты. Мереке жақсы өтті!