Араласу

  Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнер музейінде қаланың жалпы білім беретін және мамандандырылған мектептерінің оқушылары арасында «Сыбайлас жемқорлық жоқ әлем» атты балалар суретінің қалалық көрмесінің дипломдары мен ынталандыру сыйлықтарын тапсыру рәсімі өтті.

  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетаным адамның рухани мәдениетінің бөлігі ретінде жас кезінде қалыптасады. Бұл күрделі әлеуметтік құбылыспен күрес оның мәнін түсініп қана қоймай, оған белсенді түрде қарсы тұру болып табылады.  Ол, ең алдымен, Отанға деген махаббат, туған өлкенің тарихы мен табиғатына көңіл бөлу және ұқыпты қарау, ұлттық мәдениетке құрмет көрсету сияқты қарапайым, бірақ өте маңызды нәрселерде көрініс табады, соңында, осы әлемдегі өзінің рөлі мен орнын түсінуге әкеледі. Өскелең ұрпақтың осы көріністерінде біз көркем музейлердің маңызы аса өзекті екенін түсінеміз, өйткені нақ осы өнердің шынайылық пен ойдың көркемдік көрінісіне негізделген белсенді шығармашылық тұлғаны, нәтижесінде ұлттың руханилығын қалыптастырады.

  Айтпақшы, бұл осы өзекті тақырыпқа қала тұрғындарының назарын аудару жөніндегі алғашқы бастамамыз емес. Өткен жылы, мысалы, жыл сайынғы «Музейдегі түн» акциясы аясында – «Өмірден көз жазып қалма!» Халықаралық әлеуметтік плакат көркем жобасында  өзгелердің қатарында сыбайлас жемқорлық тақырыбы да қозғалды.

  Көрмеге 25 қала мектептері мен лицейлерінен оқытушылардың жетекшілігімен орындалған 83 жұмыс қойылды.  Шығармашылық тәсілі  мен тақырыпты ашқаны үшін дипломдармен және сыйлықтармен: Кемельбаева Айгерим (№32 ЖОББМ, жетекшісі А. Бекенова), Тукубаева Алия (№16 ЖОББМ, жетекшісі Ш. М. Абдиева), Рябко Данил (№19 ЖОББМ, жетекшісі Н. Н. М. Солтанбеков), Колонич Анастасия (№44 ЖОМ, жетекшісі Г. К. Саргожина), Жақсылық Ақерке (№21 ЖОМ, жетекшісі А. С. Жұбанова), Гарипова Анна (№28 ЖОМ, жетекшісі Б. Б. Туреханова), Таранова Екатерина (№11 ЖОМ, жетекшісі Е. Н. Дерябина) марапатталды.

Біздің құттықтауларымызды қабыл алыңыздар!