Араласу

  Музейде кезекті қуаныш. Жақында біз тағы бір баға жетпес сыйлық иегері болдық. XIX-XX ғасырдың басындағы жеті көне гравюраларын музейге  асыл адам, кәсіпқой, өнердің нәзік бағалаушысы, танымал алматылық коллекционер Максим Георгиевич Ткаченко сыйға тартты. Қазақ даласының өмірінен шыққан кейіпкерлер мен оқиғаларды суреттейтін  жеті тамаша авторлық гравюралар француз, ағылшын, испан және орыс суретшілері мен граверлерімен – Э. Вернье, А. Домс, Барбан, Э.Компт, А. Ильдебран, И. Прянишников және т.б. орындалған. Қазір оларды зерттеу бойынша жұмыстарды ғылыми қызметкерлер жүргізуде. Біз болашақта осы гравюлар музей экспозициясында лайықты орын алады деп үміттенеміз.

  Максим Георгиевичке біздің еліміздің мәдени мұрасын сақтау мен көбейтуге қосқан жеке үлесі үшін зор алғысымызды білдіреміз.