Араласу

   Бұрыннан ғалымдардың анықтауы бойынша, шығармашылық белсенділік қарт адамдарға ең маңыздысы – өмір сүру ниетін сыйлайды. Қызықты сабаққа қызығушылық қарт адамдарға пайдалы уақыт өткізуге, жамандық туралы ойланбауға және ең бастысы – лайықты деңгейде зияткерлік және дене бітімін сақтауға көмектеседі. Осы мақсатта, Қарттар күні қарсаңында Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музей қызметкерлері Қарттар үйінің қамқорлығындағылармен шығармашылық кездесу ұйымдастырды. Залда салтанатты іс-шаралар өткізу үшін (фоторамкалар, декоративті панно және т. б. жасау) табиғи материалдармен «дастархан» жайылды.
   Біздің келушілеріміз үстел үстінде жатқан барлық материалдарды көзбен бір шолып шығып, іске кірісуге дайындалды. Көздерінде бір абдырау болғандай… алайда бірер минуттан соң, олар жеңдерін сыбана жұмысқа кірісті. Шығармашылық процесс келушілеріміздің жастық шағындағы сүйікті әуендердің сүйемелдеуімен және жағымды әңгімелесумен өтті.
   Отбасылық фотосуретке арналған фотожиектемелер, пейзаждар мен натюрморттар, құмырадағы гүлдер үлкен ынтамен дайындалды. Біздің қонақтарымызға музейдің жайлы атмосферасы ұнады, олардың шабыттанған түрлері музей қызметкерлерінің жұмыстарының ең жақсы бағасы болып табылды. Сабақтың соңында келуші қонақтар, музей қызметкерлерін өздерінің тұратын үйлеріне шақырып, осындай шығармашылық кездесулер жалғасын табатынына сенім білдірді.