Алғашқы мамыр мерекесі қарсаңында Невзоровтар отбасы атындағы музей залдарында музей қорынан жаңа көрме ашылды. Ол екі маңызды оқиғаға – Отан қорғаушылар күніне және Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске арналды. Жаңа көрмеде соғыс туралы белгілі кеңес суретшілерінің 26 графикалық туындылары ұсынылған.
Ұлы Отан соғысы туралы шығармалар замандастар мен ұрпақтар үшін күрестің, күйзеліс пен жеңістердің өзіндік көркем шежіресі болған. Бұл шежіреде жоқ немесе елеусіз беттер болмаған.Соғыс кезінде әдебиетте, музыкада, бейнелеу өнерінде жазылған барлық, кейінгі уақытта соғыс туралы жасалған ең үздік – шынайы шындық, толқытатын әсерде, көркем образдарда адамзат алдында тұрған жойқын шындық. Шын жүректен, құмарлықпен, толқыған еңбектерде ғасырлар бойы өшпес халық ерлігін ашылған.Суретшілер өз шығармаларында батырлық пен батылдықты, басқыншылардың керемет зұлымдығын, адамның батылдығын, оның кең жаны мен мейірімді жүрегін, табиғи ақылға толы тұлғасын суреттей алған.Көрменің басым бөлігін көзімен көрген суретшілердің шығармалары алып тұр. Олар тек қолдарына автомат ғана алып соғыспаған. Соғыс күндері туралы баяндайтын шыңайы майдан суреттемелері, көргеннің тікелей әсерімен жасалған және соғыс туралы шынайы шындықты ашатын аяқталған композициялық парақтар. КСРО халық суретшісі Юрий Непринцевтің блокадалық Ленинград туралы графикалық шығармаларының тамаша топтамасы, Валентин Курдовтың “Арбалы керуеннің тұрағы”, “Әскери құрам” литографияларының топтамасы, Всеволод Парчевскийдің “Эх, жолдар”, “Өткел” парақтары. Дәл сол кезде соғыс жылдарында, ерекше жеделдік пен үгіт-насихат әсерінің күші арқасында графика өнері ерекше танымалдыққа ие болған.
Экспозицияның ерекше бөлігін қазақстандық суретші – жерлесіміз Михаил Беляев, акварелист Уке Әжиев, қарағандылық суретші-график Валерий Иманасовтың туындылары алып тұр. Картиналар ұрпақтарға қайғылы және батырлық уақыт туралы жан естеліктерін жүрекпен жеткізеді. Осы жұмыстар алдағы ұрпақпен: Осындайға жол берме! Әлемді сақтап қал! Жерді барлық жойғыш әскери өрттен сақта! –деген ұрандар ретінде түсініледі.