Халықаралық әйелдер күні қарсанында «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламаның аясында музейде ҚазКСР Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, кино және татр өнерінің көрнекті қайраткері Әмина Өмірзақоваға арналған әдеби-көркем кеш өтті.
Танымал театр және кино актрисасы Әмина Ерқожақызының өнер жолы Шымкент театры сахнасынан басталған. Оның кейінгі өмірі жарты ғасыр бойы Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрына қызмет етуге арналған.
Көптеген кинофильмдер мен театр қойылымдарында есте қаларлық рөлдерді сомдаған, соның ішінде ананың қайталанбас бейнелерінің тұтас галереясын жасай отырып, ол қазақстандықтардың жүрегінде өшпес із қалдырған.
Кеш барысында актрисаның өмірбаяны және шығармашылық жолы туралы хабарламалар жасалып, бейнефильмдерден үзінділер көрсетілді. Кешке қатысқан М. Әуезов атындағы педагогикалық студенттері мен Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің студенттері қатысуымен өткізілді.
70 жылға жуық сахна жолында Әмина Өмірзақова 150-ден аса терең және мазмұнды рөлдерді сомдаған. Ерекше талантты және таңқаларлық әдемі актрисаның өнер және бүкіл өмірі әрқашан көрермен үшін қызықты болып табылады.