Ұлы Дала қазынасы
Ұлы Дала қазынасы Невзоровтар отбасы атындағы облыстық бейнелеу өнері музейінің залдарында бірегей көрме ашылды. Абай облысы және Шығыс Қазақстан облысының әкімдіктерінің бастамасымен Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан тарихи-өлкетану музейі көшпенділердің ежелгі өркениетінің асыл қазыналарын көпшілік назарына таныстырды. Көрмеде Елеке Сазы қорымынан табылған бірегей алтын бұйымдар, Берел мен Қарақаба қорымдарының жәдігерлері, Ұржар ауданы Тасарық қорымынан шыққан заттар,










