Хабарландыру

Невзоровтар отбасы атындағы ШҚО бейнелеу өнері музейі
Жаңа жыл мерекесіне арналған
қаланың көркем мектептері мен студиялары арасында
«Қарлы патшалықта, аязды мемлекетте»
КӨРМЕ-КОНКУРС өткізілуі туралы жариялайды

  Жаңа жыл – бұл қар құрсауы, терезедегі аязды өрнектер мен қысқы ойындар уақыты. Үйде мандариннің хош иісі аңқып, қоңыраулар мен бубенецтер сыңғырынан сиқырлық сезіледі, ал барлық отбасы жаңа жылдық шыршаны құрып, мерекелік дастархан жайып және әдемі костюмдер киіп мәре-сәре болатын кез. Балалар Аяз Ата және Ақшақармен шыршаны айналып ән айтады.
  Музей ұжымы Сіздерді жаңа жыл атрибуттарын жасауға шақырады. Ертегілердің керемет кейіпкерлер образдары жыл сайын бізге мерекелік көңіл-күй сыйлайды.
Номинациялар:
1. Шырша ойыншығы. Мерекелік шыршаға арналған безендіру ойыншықтарын жасау үшін қолда бар материалдарды (қағаз, мата, пенопласт, ағаш және т.б.) пайдаланыңыз. Дайын ойыншықтарды жаңарту арқылы жетілдіре отырып пайдалануға болмайды.
2. Карнавалдық маска. Карнавалдық образды жасау үшін қиялыңыз бен фантазияңызды қосыңыз. Ол жануар, ертегі немесе жай жұмбақ бейтаныс болуы мүмкін. Шырша ойыншығын дайындау сияқты әртүрлі материалдарды қолдануға болады. Сатып алынатын дайын негізді пайдалануға жол берілмейді.
Конкурсқа қатысушылар:
  Конкурсқа 9-17 жас аралығындағы балалар, балалар көркемсурет мектептерінің, өнер мектептерінің, көркемсурет студияларының оқушылары қатысады.
Жас санаттары:
• 9-11 жас
• 12-14 жас
• 15-17 жас
Конкурстық жұмыстың талаптары:
Жұмыс шығармашылық және дербес, педагог пен ата-аналардың қатысуынсыз орындалуы тиіс.
Әрбір жұмыстың авторы туралы жеке ақпараты бар (Тегі, аты, жасы, жұмыстың атауы, мекеменің атауы, жетекшінің аты-жөні) жапсырмасы болуы тиіс. Заттаңба, егер бұл маска болса, бұйымды зақымдамай, сыртқы жағына ұқыпты жапсырылуы тиіс. Шырша ойыншығының ілуге арналған жібі болуы керек. Заттаңба оған бекітіледі (2-қосымшадағы мысалды қараңыз). Ұйымның барлық жұмыстары қатысуға жалпы өтініммен бірге берілуі тиіс. (өтінім нысанын 1-қосымшада қараңыз).
БАЙҚАУ ЖҰМЫСТАРЫН ТАПСЫРУ МЕРЗІМІ 20 ЖЕЛТОҚСАНҒА ДЕЙІН!
Жұмыстар Пушкин көшесі, 108 мекен жайында орналасқан Невзоровтар отбасы атындағы музейде қабылданады.
Қорытынды шығару және конкурс жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейінде 26 желтоқсанда (нақты уақыт кейінірек хабарланатын болады) өтеді.
Байқаудың қазылар алқасы әр номинацияда және әр жас санатында бір жеңімпазды және екі ынталандыру сыйлығын анықтайды. Жеңімпаздар естелік сыйлықтармен марапатталады. Барлық қатысушылар конкурс-көрмеге қатысушылардың электронды түрде сертификаттарын алады.

Сұрақтар бойынша телефон арқылы хабарласыңыз:
8 705 672 54 89 Неудачина Ольга Андреевна
e-mail: olga_uchilka@inbox.ru

Өтінім

 

СІЗДЕРДІҢ ҚАТЫСУЛАРЫҢЫЗДЫ КҮТЕМІЗ!