ЖаңалықтарХабарландыру

ЕРЕЖЕ

«Қазақ қолөнері мерекесі» VI аймақтық фестивалі аясында
сәндік-қолданбалы өнер көрме-конкурсы

 

1. Жалпы ереже

«Рухани Жаңғыру» бағдарлама аясында, Наурыз мейрамын мерекелеу және ШҚО Қазақстан Халқы Ассамблеясының 25-жылдығына арналған іс-шаралар кешенінде Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейі Шығыс Қазақстан облысы бойынша Семей өңірінің сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің «Қазақ қолөнері мерекесі. Дәстүрлер мен қазіргі заман» VI аймақтық көрме-конкурсын өткізеді (бұдан әрі – Конкурс).
Авторлардан екі бағыт талап етіледі. Бірінші бағыт — қазақ сәндік-қолданбалы өнерін әзірлеуде, халықтық төл өнер туындыларын ұсыну. Бұнда өткен заманның қолөнер шеберлігінің құпияларын біле отырып өз ісінде қолдана білу маңызды. Зергерлік өнер, тоқымашылық, кестелеу, киіз басу, кілем тоқу, тері, сүйек, ағаш ұқсату өнерлері, және сонымен қатар керамикалық өнер туындылары, т.б. сол сияқты қазақ ұлттық сәндік-қолданбалы өнерінің дәстүрлі түрлерінде жұмыс істеу ұсынылады.
Екінші бағыт – халық өнерінің рухы мен колоритін сқтай отырып өзіндік композициялық шешеімін тапқан ерекше мазмұнды этно-бұйымдар қалыптастыра білу. дәстүрлі киімдер, әшекей-сәнді бұйымдар, сөмкелер, интерьер безендіру үшін арналған түпнұсқалық авторлық бұйымды ойлап табу және жасауға мүмкіндікке ие болу. Біз бұл бағыт өзінің дамуын жалғастырады және қазақстандық бренд туралы түсінігін кеңейтетін жаңа есімдерді көрсетеді деп үміттенеміз.

2. Мақсаты мен міндеттері

Конкурстын негізгі мақсаты – қазақ халық сәндік-қолданбалы өнерінің дәстүрлі қалыптасқан халықтық өнерді сақтау және дамыту, сондай-ақ халық өнерінің рухы мен колоритіндегі заманауй жаңа авторлық бұйымдарды іздеу, ұлттық дәстүрлерді дамыту және қайта жаңғырта отырып рухани өзара байыту. Қазақстан Республикасының көпұлтты мәдениетін одан әрі дамыта отырып ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру.
Міндеттер:
— қазақ халқының қолданбалы өнерінің үздік үлгілерін сақтай отырып,жаңа көз қарастағы өнер үлгілерін дамыту және қолөнер туындыларының талғамды орындалуына тәрбиелеу.
— қазақ халық СҚӨ саласындағы өнердің жоғары үлгілерін көрсету, қолөнер саласындағы инновацияларды көрсету, танымал және жаңадан бастаған талантты қолданбалы суретшілермен танысу арқылы ой-өрісін кеңейту, әртүрлі жоспарлы көрмелер өткізу;
— сәндік-қолданбалы өнер көрмелеріне қатысу арқылы халықтық сәндік-қолданбалы өнер шеберлерін қолдау, анықтамалық материалдар жасау, БАҚ-та ақпараттық қолдау;
— шебер-кәсіпқойлар аудиториясын кеңейту және әр түрлі жастағы әуесқойларды СҚӨ-нің әр түрлі бағыттары бойынша мастер-класс өткізу арқылы тарту;
— бұйымдардың көркемдік және эстетикалық деңгейін арттыру;
— этникалық қазақ-репатрианттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдар қатарындағы шеберлерді мәдениет арқылы қоғамға кіріктіру;
— жаңа есімдерді анықтау және шығармашылық қабілеттерін ашу.

3. Конкурстың құрылтайшылары мен ұйымдастырушылары

Конкурстың құрылтайшысы — Шығыс Қазақстан облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, ұйымдастырушысы — Семей қаласындағы Невзоровтар отбасы атындағы Шығыс Қазақстан облыстық бейнелеу өнері музейі.

4. Өткізілетін орны мен уақыты

Өткізу орны: ШҚО, Семей қ., Пушкин көш., 108, Невзоровтар отбасы атындағы Шығыс Қазақстан облыстық бейнелеу өнері музейі.
Өткізу күні мен уақыты: 2020 жыл, 3 сәуір, ашылу уақыты шамамен 14.00 (нақтылануда).

5. Қатысушылар

Конкурсқа қатысуға кәсіби суретші-дизайнерлер кәсіби және сәндік-қолданбалы өнер шеберлері, зергерлер, көркем ЖОО студенттері шақырылады.

6. Конкурсты өткізу тәртібі мен шарттары:

1. Конкурсқа бұрын экспонатталмаған және жоғарыда ұсынылған критерийлерге сәйкес келетін жұмыстар ғана қабылданады. Ескерілетін жайттар: көрменің мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес идеяның түпнұсқалығы, материалды оңтайлы қолданылуы және жоғары сапада орындалуы, қолөнердің күрделілік дәрежесі.
2. Қатысуға өтінімдер мен жұмыстарды қабылдау 2020 жылғы 23-27 наурыз аралығында жүзеге асырылады. Өтінімдер төменде көрсетілген электрондық мекен-жай бойынша қабылданады немесе жұмыстарды тапсыру сәтінде өз қолымен толтырылады.
3. Көрмедегі жұмыстар бір жарым ай көлемінде экспонатталады, соңында иелеріне қайтарылады немесе Салон-дүкен арқылы сатылуы мүмкін (екі жақты алдын ала келісім бойынша).

7. Конкурс қорытындысын шығару

Байқау нәтижелері фестивальдің ашылу салтанатында жарияланады. Үздік жұмыстар бес номинация бойынша марапатталады:
— дәстүрді түпнұсқалылықты сақтағаны үшін;
— шығармашылық ерекшелігі үшін;
— шығармашылық күрделілігі үшін;
— кәсіпқойлығы үшін;
— жаңашылдығы үшін.
Көрме-конкурсының жеңімпаздары номинациялық дипломдар және бағалы сыйлықтармен, ал қалған қатысушылар алғыс хаттармен марапатталады.

Байланыс контактілері:

Өтінім нысаны:
Әлия Әбілханқызы abilxankyzy@mail.ru; сот: 8 702 416 2857
Буркитова Гульнар. сот: 8 707 503 47 69.
Телефон арқылы анықтамалар: 8 7222-522019МУЗЕЙ

ҚАТЫСУШЫНЫҢ ӨТІНІМІ: Құжат