Балалық шақта, әдетте, бәрі сурет салғанды ұнатады. Сурет салуды білмейтін, бірақ үйренгісі келетін, өзін нағыз жаратушы сияқты сезінгісі келетін ересек адамға қалай көмектесуге болады?
Невзоровтар отбасы өнер музейінің қызметкерлері қағаз бетінде түстердің көмегімен таңғажайып бейнелер жасауды қалай үйренуге болатындығын біледі. Наурыз мейрамы қарсаңында шығармашылық ынтымақтастығы аясында «АЛЕЛ» ҚИК АҚ-да екі көшпелі шығармашылық шеберлік сабағы өтті. Іс-шараға әр түрлі жастағы 30-дан астам адам қатысты.
Шеберлік сабақта музей қызметкері Ольга Феденева акварельді кескіндеменің түс сезімін қалыптастыруға, қиял ой-өрісті дамытуға, байқағыштығы мен туған табиғатқа деген қызығушылығын дамытуға ықпал ететін ерекшеліктерімен бөлісті. Нәтижесінде, тәжірибелі педагогтің жетекшілігімен шеберік-классқа қатысушылардың барлығы акварель бояулар көмегімен көктем пейзажын салды.
Сурет салумен қатарлас аса қызықты киіз басу бойынша шеберлік-сабағы өтіп жатты. Белгілі қолөнер шебері Нұрзия Тәшімованың жетекшілігімен қатысушылар қазақ халқының дәстүрлі қолөнері туралы шағын дәріс тыңдады. Шебер осы техникада жұмыс істеудің жаңа заманауи әдістерімен таныстырды. Тренингке қатысушылардың еңбегінің нәтижесі ұлттық стильдегі көрпешелер болды.
Бір қызығы, шеберлік-класстарға қатысуға әйелдер де, ерлер де келді. Олар кеншілердің ауыр жұмыс күнінен кейін шаршағандарына да қарамастан бар құлшыныстарымен жұмысқа кірісіп кетті. Барлық қатысушылар өз еңбектерінің нәтижелеріне өте риза болып, шығармашылықта өздерін белсенді көрсетуді жалғастыруға ниет білдірді. Ұйымдастырушылар өз кезегінде жақын арада сурет салу бойынша басқа да шеберлік сабақтардарды ұйымдастыруға уәде берді.