Жаңалықтар

  Бүгінгі жарқын Наурыз мерекесіне орай музейде «Наурыздың алуан түрлі бояулары» балалар көркемсурет студиясы оқушыларының жұмыстарының көрмесі ашылды.

  Наурыз — бұл жай ғана көктемгі күн мен түннің теңескен күні емес, бұл күн мен жылудың, махаббат пен мейірімнің, табиғаттың жаңаруы мен жаңа өмірдің басталуының мерекесі. Бұл күн біз жүрегіміздің және үйіміздің есігін айқыра ашып жылулықтың шуағын енгізіп, қонақжайлық танытамыз. Көркемсурет студиясының балалары да өз шығармашылықтарымен таныстыра отырып, сіздермен, жан дүниесінің бір бөлігімен және осы мереке туралы өз көзқарастарымен бөліседі.

  Кейбіреулер үшін бұл домбыра үні, би және ән немесе хош иісті шай мен бауырсақтары бар бай дастархан, ал біреу үшін көктем тамшылары мен алғашқы көк. Баланың қиял әлемінің өрісі кең тараған және алуан түрлі. Балалардың қиялында перілер мен айдаһарлар, әуә шарымен саяхаттап жүрген саяхатшылар, көк шалғын далада шауып жүрген жылқыларда болады.

  Жас суретшілер өз жұмыстарында түрлі материалдарды: көркем акварельді, барқыт тәрізді гуашьті, түрлі-түсті қарындаштарды, батиктің ашық түстерін, жылы және жұмсақ киізді пайдаланды.

  Көрмеге барлығы 30-ға жуық жұмыс қойылған.

  Сіздерді мерекелік көрмені тамашалауға және көктемнің көңіл-күйін, күннің жылы сәулелері мен ашық түстерді тамашалауға шақырамыз!