Невзоровтар отбасы музейі техникалық себептерге байланысты қысқа үзілістен кейін есігін айқара ашып отыр.
Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейі жексенбі және дүйсенбіден басқа күндері, күн сайын сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін (касса 16.30-ға дейін жұмыс істейді) қонақтарды қабылдауға дайын екенін хабарлайды.
Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық, батыс еуропалық және орыс өнері экспозицияларының тұрақты бөлімдерінен басқа музейде Семей қаласының суретшісі Виктор Шмидттің «Түс қажеттілікке айналғанда…» көрмесі өз жұмысын жалғастыруда. Бастапқыда мерейтойлық, шығармашылық мұраның ретроспективасы ретінде ұсынылған бүгінгі көрме күтпеген жерден мүлдем басқа, жаңа сарынға ие болды. Республиканың көркем және көрме кеңістігінде алғаш рет ол пандемиялық деп жарияланып және суретшінің қазіргі кездегі ең өзекті мәселелер туралы байыпты ойларының нәтижесі ұсынылып отыр.
Сондай-ақ, маска режимін сақтау, кірген кезде температураны өлшеу, 10 адамнан аспайтын топтарға экскурсия жүргізу және т. б. туралы хабарлаймыз.
Толық ұсынымдармен Сіз музей сайтында: https://nevzorovcollection.org/novosti/pamyatka-dlya-.. таныса аласыз.