Жаңалықтар

Біздің музейдің  балалар көркем студиясында оқу жылы енді ғана басталды, оған қарамастан біз пленерге шығып, Отбасы күніне арналған фотожобаға қатысып та үлгердік!

Отбасы әрқайсымыздың өмірімізде маңызды рөл атқарады. Бұл әртүрлі ұрпақтар арасындағы дәнекер, жеке адамды әлеуметтендіру үдерісінің алғашқы қадамы. Әр отбасы өздерінің әдет-ғұрыптары,   дәстүрлері мен туыстық қарым- қатынастарымен ерекшеленеді. Фотожоба аясында біз отбасылардың қандай ерекшеліктері болатынын көрсеткіміз келді!

Бірінші кезекте бұл әрине, қонақжайлылығымен аса ерекшеленетін өзінің салт-дәстүрін берік ұстанатын қазақ отбасы. Ал орыс отбасын сары самаурынның шәйінсіз, тәтті тоқаштарынсыз елестету мүмкін емес. Біз музейіміз бейнелеу өнерінің мәдени ошағы болғандықтан, суретшінің отбасын да көрсетуді жөн санадық.

Әдеби кейіпкерлерді де ұмыт қалдырмадық. Балалардың көңілді ханшайым туралы ертегілерінен, классикадағы  өмір талқысына түскен қыз балалардың жауапкершілікті өз мойындарына алып, ерте қамқоршы болғандарын сипаттаған оқиғадағы «Кішкентай әйелдер» шығармасына дейін қамтыды.

Сонымен қатар, бала  күтушісі «няня» сияқты маңызы зор адам ше? Ол  тіпті өмірде отбасы мүшесі болып та кетеді мысалы, Мэри Поппинс.

Міне, біз Отбасы күнін музейімізде  өте қызықты өткіздік! Сіз  отбасыңызбен жиі суретке түсесіз бе, отбасылық альбомды қайталап қарайсыз ба? Біздің музейімізге  жаңа әсер алуға, естеліктер қалдыруға, фотоға түсуге  келіңіздер!