Сергей Прокофьевтің «Петя мен қасқыр» симфониялық ертегісі
Музей қабырғасында өнер сүйер қауым клубының кезекті кездесуі осы жолы музыкаға арналды. 10 шілдеде клуб мүшелері Мариин театрының қойылымындағы Сергей Прокофьевтің «Петя мен қасқыр» симфониялық ертегісін тыңдау үшін музыкалық тіл, оның экспрессивті құралдары жайлы әңгімелесті.
Ертегі мәтінін жанды, бейнелі және эмоционалды түрде оқыған Константин Хабенскийдің қайталанбас таланты, Валерий Гергиевтің жетекшілігімен оркестрдің керемет әуен-сазы – мұның бәрі жоғары өнердің үлгісі, оның әсерінен бейнелер шынымен де жанды және айқын көрінеді. Олар түске, кейде пішінге еніп, одан да айқын бола бастады. Ертегіні тыңдағаннан кейін клуб қатысушылары осы қойылымнан партиялары бар планшеттерді алып және әрқайсысы өзіне ұнаған бейнені таңдап, содан кейін өз ойларындағы көріністерін қағаз бетіне түсірді. Қабылдау қаншалықты әртүрлі болса, суреттер де түрлілігімен ерекшеленді. Біреу өз сезімдерін және идеяларын түрлі-түсті етіп көрсете отырып, өз әсерлерін абстракциямен жеткізді, ал біреулері өте нақты суретпен бейнеледі.
Клубтың бұл кездесуі музыка тілінің әмбебап екенін көрсетті. Ол уақыттан тыс және ұрпақтардан тыс, тіпті композитордың 1936 жылы кеңестік шынайылықта жазған ертегісі де біздің заманымыздың, әр түрлі жастағы және әр түрлі қызығушылықтағы адамдарға қызықты болды.