Жаңалықтар

Өнерді түсіну күрделі және әртүрлі ұғым. Біреуде бұл туа біткен сезім, ал біреу оны біртіндеп үйренуге тиіс.

Ұзақ үзілістен кейін музей Өнер сүйер қауым Клубының жұмысын қайта бастады және жазғы-көктемгі демалыстың соңында алғашқы кездесу шығармашылық әңгімеге арналды. Барлығы дөңгелек үстел басына жиналды.

Сұрақтар келесідей болды:

— Өнер деген не? Жалпы өнер және әр адамға арналған өнер.

— Шығармашылық өнім дегеніміз не, яғни көркем шығарма дегеніміз не?

— Шығармашылық процесс қалай жүреді? Көркем шығарма қалай туындайды және әркімнің оған қабілеті бар ма.

Біреу мұндай әңгімені бос ақылгөйлік деп айтар. Бірақ, мүлдем олай емес! Өнердің мәнін және шығармашылық процесті түсіну қазіргі әлемде өте маңызды, мұнда материалдық игіліктер адам бойындағы рухани негізді тоқтаусыз тежейді, ал өнердің өзі нарықтық құндылық ұғымымен алмастырылып, коммерцияға көбірек бағынады.

Алайда, тәжірибемен расталмаған әңгіме, мәселеге толық түсінік беруі екіталай, сондықтан кездесудің екінші бөлігі нақты шығармашылыққа арналды.

Бұл процес қарапайым болып көрінуі мүмкін. Тапсырма – гүлі бар вазаны бейнелеу. Қарапайым, бірақ дәл нұсқаулар берілген кезде және нақты әрекеттер белгіленген кезде ғана. Бірақ, одан әрі қиындай түсті.

Себебі шығармашылық процес бастау алды. Вазаны өз сезімдеріне және эстетикаға сүйене отырып стильденген түрде бейнелеу. Ал, кульминациясы — өзіндік сюжетті құрумен аяқталуы, онымен айналасындағылармен бөлісу және басқа адамдар бұл шығармаға қарап не көретінін және сезінетінін есту.

Мұнда кездесуге қатысушылар кәсіби суретшілер емес екенін айту кеткен жөн. Олар мүлдем суретші емес.

Дөңгелек үстел, оның барлық теориялық талқылауларымен және шығармашылық көркемдік процестерімен, егер мұқият қарасаңыз, өнер бәріне қол жетімді екенін көрсетті. Бұл ой біреу үшін нағыз жаңа бастама болуы мүмкін.