Жаңалықтар

«57 Когда же настал вечер, пришел богатый человек из Аримафеи, именем Иосиф, который также учился у Иисуса 58 он, придя к Пилату, просил тела Иисусова. Тогда Пилат приказал отдать тело; 59 и, взяв тело, Иосиф обвил его чистою плащаницею 60 и положил его в новом своем гробе, который высек он в скале; и, привалив большой камень к двери гроба, удалился».

(Евангелие от Матфея (Мф. 27:57-59))

1633 жылы ең ірі голландиялық суретші Рембрандт Харменс ван Рейн (1606 – 1669)  «Кресттен алу» деген атпен офорт салады.  Осы уақытта ол Мәсіх бойынша үш көркем картинаны жазып шығады: «Крестті көтеру»  (1631-1633), «Крестке керу» (1631), «Кресттен алу» (1633).                                               Музей коллекциясында 1990 жылы А.С.Пушкин атындағы Мемлекеттік бейнелеу өнері музейінен берілген  «Кресттен  алу» офорты (1633, қағаз, офорт) бар.   Офорттың сюжеті — дәл осындай кескіндеменің сюжетінің толық жете өзгерістерімен бейнеленген айнадағы төңкерілген көрінісі.

Рембрандттың  шығармашылығына адамның ішкі жан-дүниесін ұғынуға ұмтылу тән. Жарық пен көлеңкенің үйлесімділігі әсеріне сүйене отырып, ол керемет эмоционалды, шынайы образдар жазған.  Оның  Құштарлық  картиналары терең, драмалық сезімге толы.  Шебердің көркем суреттері  әсерлі, драмалы сезімдерді жеткізеді.

Рембрандттың офорттары бірдей терең және мағыналы. Еркін,  бояуды жағудағы үзік әдісі, қайта өңдеу және құрғақ иненің техникасын қолдану оларды көркем суреттерге ұқсас етті.

Музей коллекциясының офорты —  әр сезімтал және зерделі келушінің назарын аудартатын және тартатын коллекцияның сөзсіз маржаны болып табылады.  Түннің күңгірт көлеңкесі  жиналған адамдарды  қара түске бөлеп, аспаннан құдіретті жарық сәулесі фигураларға түсіп, кульминацияны  күшейтіп тұр.  Исустың  азап шеккен, жадау денесін шәкірттері ақырындап түсіріп алуда.  Олардың ішінде Никодим, фарисей  және Мәсіхтің құпия шәкірті, ол оны фарисейлердің  алдында  қорғап қала алмады.  Сол жақта, не болып жатқанын бақылап тұрған Иосиф Аримафейский тұр, Иисустың жасырыны.

Бүкіл  көрініс көлемді формаларда шебер бейнеленген ең үлкен қайғы мен жан тебірентерлік сағыныш  сезімдеріне толы.

Материалды музейдің ғылыми қызметкері И.М. Рекида дайындады.