Иван Григорьевич Ивачев (1893-1955) біз үшін өткен ғасырдың 20-40 жылдарындағы Семей қаласының келбетін сақтап қалды. Суретші негізінен графика өнерінде қағаз, тушь, қалам, қарындаш қолданып жұмыс істеді. Графика техникасы суретшіге алғашқы алған әсерін қағаз бетіне тез салуға мүмкіндік берді. Иван Григорьевичті нақты орындар қызықтырды, ол қаланың ескі келбетін бейнелегісі келді. Негізінен, И. Ивачев қаланың шығыс бөлігін – татар ауылын (слобода) бейнелейді. Тікелей заттың өзіне қарап сурет салу кезінде, суретші шындықты беруге тырысты. Көрермен ойдан шығарылмаған, өз тарихы бар ескі, кейбір жерде жабық терезелері мен оюлы кіретін қақпалары бар, жартылай бұзылған шатырларымен бейнеленген үйлерді көріп тамашалай алады. Суретшінің қарындашы ескі қаланың атмосферасын, қайталанбас сәулеті мен тарихын беріп тұр.
Сол кездегі Семей қаласының көркем өмірі жарқын қанық болды. Біздің қаламыздың көркем оқиғалардың орталығы болғандығын, барлық өткен көрмелерді жариялап отырған жергілікті газеттер дәлелдейді. «Прииртышская правда» газетінде 1935 жылдың 1 мамырында келесі: «Семей музейі ғимаратында өтетін көркем көрме 2 мамырда ашылады. Мәскеуде Третьяков галереясынан жіберілген суреттерден басқа, көрмеге жергілікті суретшілер Ивачев, Попов, Белослюдова және т.б. жұмыстары қойылады. Қазір суретшілерден 30-дан астам сурет келіп түсті, онда осы суретшілердің үздік туындыларына іріктеу жасалды», — деген жазбаны оқимыз. Осы газеттің желтоқсандық нөмірінде: «…Семейде совет суретшілері Одағының бөлімі және бейнелеу өнері саласы қызметкерлерінің серіктістік кооперативі құрылады…».
Архив материалдары көрсеткендей, көркем өнердің орнығу қарқыны жыл сайын ұлғая түскен. Семейде бұл кездері Достоевский көшесі 149 үйде орналасқан өнер ісі жөніндегі басқарма жұмыс істеді. Мұнда 1940 жылдың 7 маусымында қала суретшілерінің кезекті жиналысы өтіп, бірінші Республикалық съезге қатысу үшін делегатты сайлау жүргізілді.
Осы оқиғалардың аясында Иван Григорьевич Ивачев Семей қаласының көркем өміріне белсенді түрде қосылды. Өнер істері жөніндегі басқармада жұмыс істей жүріп, ол көркемөнер суретшілерінің байқауын дайындауға және өткізуге, көптеген қалалық көрмелерді ұйымдастыруға және ресімдеуге қатысты.
Мұнда ұсынылған Иван Григорьевич Ивачевтің жұмыстары Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалдық музейінде сақтаулы.
Невзоровтар отбасы атындағы ШҚО бейнелеу өнер музейінің ғылыми қызметкері Ильвира Халитова.