ЖаңалықтарХабарландыру

  Бұл  кітап  музей қызметкерлерінің көп жылдық зерттеу жұмыстарының нәтижелері.Кітап ХІХ ғасыр аяғынан бүгінгі күнге дейін қаланың көркем өмірі туралы ақпаратты қамтиды және суретшілер жайлы, олардың өмірі мен шығармашылығымен таныстырады. Кітапқа  Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейінің қор сақтамындағы жергілікті суретшілер туындыларынның  толық каталогтық тізімі еніп отыр.

  Басылым көрнекті иллюстрацияларға бай. Материалдар Семей қаласында бейнелеу өнерінің   қалыптасуын және дамуын бақылауға мүмкіндік береді. Кітапқа енген көптеген шығармалар «Әлі де сол Ертіс» атты  жаңа көрмеге қойылды. Семей қаласының 4 музейі қорынан (тарихи-өлкетану музейі, Ф.М.  Достоевскийдің әдеби-мемориалдық мұражайы, Абайдың тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық мұражайы) жергілікті суретшілердің көркем туындылары ескі және қазіргі қаламыздың сүйікті жерлерін бейнелейді.

  Бірінші рет Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейінің залдарында біздің қаламыздың алғашқы кәсіби суретшілерінің бірі Виктор Белослюдовтың графикалық парақтары ұсынылып отыр. Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалдық мұражайы қорынан И. Ивачевтің парақтары. Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейі қорынан В. Сухов, А. Несина, Г. Шереметьев, В. Христолюбов, Н. Яковлев, В. Третьяков, В. Шин, М. Беляев, П. Гавриленко, Ю. Столяров, Н. Өтепбаев, Г. Макаров, Т. Татиев, О. Махно, В. Шмидттердің жұмыстары көрмеге қойылды. Тұсау кесер салтанатының соңында жаңа көрме экспозициясында көрме кураторымен экскурсия жүргізілді.

   Іс-шараға мұрағатшылар, өлкетанушылар, тарихшылар, суретшілер шақырылды.