АраласуЖаңалықтар

2018 жылдың 17 шілдеде   Шығыс Қазақстан облыстық Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнер музейінде  Елордамыздың 20 жылдығына орай Қазақстан өңірлеріндегі Астана қаласының күндері аясында «Ақ тілекпен, Астана» атты көрме ашылды.

«Ақ тілекпен, Астана»  шығармашылық жобасы әлемдегі ең табысты және дамып келе жатқан жас қалалардың бірі ретінде, жас астананың өнерінің дамуын көрсетуге бағытталған.  Астана — заманауи  сәулет үлгісі ғана емес, сонымен қатар үнемі жаңа идеялар мен үрдістер іздеу үстіндегі жаңашыл қала.

Көрмеге Тәуелсіздік Сарайының қорынан  қазақстандық суретшілердің 100-ге жуық жұмыстары ұсынылды, соның ішінде:  А.Ақанаев, Е.Айтуаров, Р. Күлбатыров, А. Смағұлова, М.Бекеев, С.Аллабергенов, Н.Қаржасов, Р.Слекенов, А.Қазығұлов, К.Базарғалиев, А.Сыдыханов, Ж.Мүсәпір, Н.Бубэ, З.Қожамқұлов, Б.Бүрдесбеков, А.Құлбай, А.Смағұлова, А.Есдаулетов, Е.Сидоркин, К.Каметов, Е.Оспанұлы, К.Муллашев, M. Байбосынов, Ө. Тлеулиев, Д.Макин, Д.Нүгер және мүсіншілер Тохтар Ермеков пен Сембіғали Смағұловтың жұмыстары қамтылған.

Көрмеде 50-ден астам суретшілердің түрлі стильдер мен дәуірлерді байланыстыратын әр түрлі кезеңдердегі топтастыру уақыттын қамтиды. Ерте жасалған жұмыстарда еркіндік пен ұмтылыстың ашықтығы көрсетілсе, заманауи жұмыстарда – өзінің тәуелсіздігінен тынығу мен ләззат алатындықтары көрінеді.

Суретші, өз дәуірінің куәсі бола тұрып, әлемдегі болып жатқан барлық өзгерістер мен үрдістерді сезімталдылығымен  өз көрермендерімен бөліседі.

Көрмеге қойылған суретшілердің бір бөлігі, қазақ халқының сан ғасырлық тарихы мен мәдениеті, оның дәстүрлер сабақтастығын сақтап, өз жұмыстарында бейнелесе, басқа бөлігі абстракция және модерн тұрғысынан өз ойларын білдірген.  Олар айналамыздағы әлемнің ұлттық философиялық және психологиялық көзқарасын көрсетеді.  Ал басқалары, керісінше, әлемдік өнердегі жаңа сөзді айтуға ұмтылады. Бұл көрмеге, кәсіби суретшілер қатысады, олардың жұмыстары жеке стильмен сипатталады,  ерекшелігі мен шығармашылықтағы ізденістерін көруге болады.

Көрмеде көрсетілген шеберлердің әрбір буыны өздерінің қайталанбас ерекшелілігін бейнелейді. Қазақстанда қазіргі заманауи бейнелеу өнері, тәуелсіздік жылдарындағы өз дамуының жаңа кезеңінде жалғасын тауып, ұрпақ пен болашақ арасындағы үздіксіз үндестікті көрсететін, зор шығармашылықтың белсенділігін айқындайды.