Жаңалықтар

Облыстық Невзоровтар отбасы атындағы

бейнелеу өнері мұражайында бір картинаның көрмесі.

Біздің өңір ұлы Абай есімімен аталады. Ұлы ақын осы жерде туып, өмірінің көп жылдарын Семейде өткізген. Сондықтан ақынның туған күнін тойлау әр біреуіміздің өмірімізде маңызы зор.

Осы мерекелік шара аясында Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейінде суретші Тұрсын Әбуовтың «Абай халық арасында» атты бір картинасының көрмесі ашылды. Неге бір? Өйткені бұл кенеп — тұтас бір әңгіме, суреттің жазықтығында қамтылған бір үлкен оқиға. Бұл көбінесе кездесетін әдеттегі статикалық портрет емес, композияцияда Абайдың айналасы ел-жұртқа толы: ерлер мен әйелдер, ересектер мен балалар. Қолына кітап ұстаған Абай қарапайым әңгімесін жүргізуде. Мүмкiн ол өлең оқып тұрған болар. Кескіндеменің композициясы көп фигуралы, күрделі, сол кездегі адамдардың өмірінің атмосферасын жасауға көмектесетін көптеген маңызды бөлшектермен толтырылған, ал қою қоңыр-қызыл түс көрерменді өткен күннің кешкі салқынына баулиды. Суретшi «Абай халық арасында» картинасында ақын туралы көзге көрінетін  бейнелер арқылы өз ойын жеткізеді. Ал Абайдың сөзі көркем картинада ғана емес, көрмеге қойылған кітаптардың беттерінде де «естіледі».

Суретшінің өзі де тұлға ретінде қызық. Тұрсын Әбуов – суретші, мүсінші, дизайнер. Портрет, натюрморт және жанрлық композицияларының шебері. Ол Абай поэзиясына үнемі қызығатын. Суретші ақынды еске алуға байланысты орындарды аралап, одан алған әсерлерін өз шығармашылығында бейнелеген. Осылай осы шығарма дүниеге келіп, Жамбылдың Абайға арнаған сөздерімен үндесетін сияқты:

Мынау тұрған Абайдың суреті ме? —

Өлең — сөздің ұқсаған құдретіне,

Ақыл, қайрат, білімді тең ұстаған,

Қарсы келер Абайдың кім бетіне!