2023 жылдың 12 желтоқсанында Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейінде Абай облысы суретшілерінің І көрме-конкурсы ашылды. Суретшілердің аға және кіші буындары көрермендерге соңғы жылдары орындалған ең жақсы туындыларын ұсынуға мүмкіндік алды.
Ашылу салтанатында Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейінің директоры Т. А. Стромская, Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының өкілі А.Ш. Кикбаев, Семей қаласы СХ төрағасы Т.Р. Жуванышев сөз сөйледі.
Көрмеге 32 автор қатысты. Жеңімпаздар: Бейсембаев А. (І орын); Пауцкий М., Маликова А. (ІІ орын); Шмидт В., Ковальчук Е., Белякин А. (ІІІ орын). Ынталандыру сыйлығымен: М. Бахытбекова, О. Неудачина, Т. Жуванышев, О. Бекбаев, А. Ляпина, Т. Татиев, Р. Шакабаев, В. Степанова, А. Борзунов, Ф. Хасенов марапатталды.