Невзоровтар мұражайындағы көрме ұйымдастырушылары Семей қаласындағы ақынның мемориалдық мұражай әріптестерімен бірлесе отыра жаңа мерейтойлық экзпозицияның әдебиеттік, кескіндемелік және графикалық материалдарын ұсынудағы жағымсыз дүниелерден алшақ бола Абайдың бейнесін, оның өмірін, тағдыры мен шығармашылығын бірегей  тұтастай көрсетуге тырысты.  Өйткені Абай – тек тарихи,  жан-жақты тұлға ғана емес, ол қарапайым адам, оған  өзіндік ішкі қобалжу мен тебіреністері,  тағдырдың самғаулары  мен сүрінулері, шығармашылық нұрға бөлену сезімдеріде тән еді.   Әрбір 21 ғасыр адамының өзінің таныған Абайы бар – адам және тұлға және ойшыл, философ,  ақын.  Сондықтан, әрбір ойшыл азамат «МЕНІҢ АБАЙЫМ» дей алады.

Жаңа көрмеде Абай мұражайы және Невзоровтар мұражайы  қорларынан  120 жуық көркем кескіндемелік және графикалық туындылар мен сәндік-қолданбалы өнер заттары қойылды. Олардың ішіндегі ең ірі қазақстандық қылқалам шеберлері: Ә.Қастеев, Л.Леонтьев, Ж.Шарденов, А.Галимбаева, У.Әжиев, Б.Урманче, Е.Сидоркин, М.Беляев, В.Христолюбов және т.б.

Сонымен қатар көрмеде мұражай экспонаттары ұсынылған – тұрмыс заттары, фотоқұжаттар және өткен ғасырдың, нақты біздің ұлы жерлесіміз тұрған кезеніндегі  кейбір «үнсіз куәліктері»