Жаңалықтар

   А.М. Черкасский (1886 – 1967) Украина, Белая Церковь қаласында дүниеге келген.   Петербург көркемсурет академиясында оқыды. Н. Дубовский, Я.Ф. Ционглинскийлерден тәлім алды.   1926-1937 ж. Киев көркем институтының оқытушысы  болды.

   1937-1940 жж. сталиндік саясатқа байланысты поляк шпионы ретінде сотталып   КАРЛАГ-қа жер аударылған. 1940 жылы Киевке оралып, 1941 жылы отбасын Ақтөбеге көшірді. Ақтөбе қаласынан Алматы қаласындағы Мемлекеттік көркемсурет училищесіне оқытушы қызметіне  шақырылды. 1963 ж. ҚКСР Халық суретшісі.

   Черкасский Қазақстанға суретші болып қалыптасқан кезінде келеді, бірақ оңтүстік жерінің  табиғатымен, қазақ халқының тарихын, мәдениетін танып білгенде ол шығармашылық күш-қуатының шыңына көтеріледі. Суретші өзінің көлемі мен көркемдік өрлеуіне әсер ететін, табиғатымыздың қайталанбас сұлулығын, эпикалық және монументалды сипаттағы жанрлық картиналар салған. Шебердің суреттеріндегі ең бастысы — көркем бейненің кереметін ашу, қоршаған табиғат пен адамның сұлулығы мен үйлесімділігін бекіту.

  Черкасский көптеген   портреттер, пейзаждар, натюрморттар жазды. Бірақ   сүйікті жанры пейзаж болып табылады. Шебердің керемет пейзаждары тереңділігі бойынша  шынайы орыс пейзаж кескіндеме мектебінің үлгісі болып саналады.

   Қазақстанның өнері үшін Черкасскийдің шығармашылығы мен тұлғасының мәнін асыра бағалау қиын. Өйткені, оның бірегей тәлім-тәрбиесінен Қазақстанның барлық жетекші суретшілері өтті. Қазіргі уақытта осы суретшілер Қазақстан өнерінің мақтанышы болып табылады. Олар: С. Айтбаев, Г. Исмаилова, И.Квачко, С.Мамбеев, Қ. Телжанов,   Ж.Шарденов және т.б. Көптеген суретшілер, оның студенттері өнерге, кескіндеме өнеріне деген үлкен сүйіспеншіліктерін оятқанын атап өтті.

   Музей жинағындағы «Саябақта» (1955, к., м.б.) картинасы музейге жеке коллекция жинағынан келіп түскен. Кескіндемешіге тән табиғаттың жай-күйін терең беруге мұқият  көңіл бөлу ерекшелігімен суретші сұр және інжу реңдерінің үйлесімділігін құрайды. Бұлыңғыр күннің көңіл-күйі табиғаттың ерекше бояуымен ашылады. Кескіндемедегі фактуралар әрдайым керемет: батыл бояу жағындылармен суретші пейзажға өткір мәнерлілік пен динамизм бере отырып, пішінін, көлемін, кеңістігін қайта бейнелеп көрсете білді.