Жаңа жыл қарсаңында Невзоровтар отбасы музейінде « Әлем шарлап келе жатқан Жаңа жыл» балалар көркемсурет студиясының көрмесі ашылды. Сізге бүкіл әлем бойынша саяхатқа баруды және Жаңа жылды әлемнің түкпір-түкпірінде қалай атап өтетінін көруді ұсынамыз!
Біріншіден, Жаңа жылды барлық жерде 31 желтоқсан қарсы алмайды. Мысалы, Израильде Рош ха-Шана (еврейлердің Жаңа жылы) мерекесі қыркүйек немесе қазан айларында атап өтіледі. Жаңа жылда молшылық пен амандық болуы үшін мерекелік үстелде міндетті түрде алма, анар және бал болуы тиіс. Мұны Имамукаметова Ақнұрдың жұмысынан көреміз.
Эфиопияда Энкутаташ Жаңа жылын күзде де қарсы алады және бұл күні үлкен от жағу әдетке айналған, оның тірегі — үлкен ағаш. Өртенген ағаштың жоғарғы жағы қайда түседі, сол бөлігінде жақсы өнім өседі деген сенім бар. Ал Бирма мен Таиландта мереке көктемде өтеді. Бұл күні көшеге шығып су құйынады.
Сондай-ақ, біз осы сиқырлы күні сыйлықтар күтеміз. Оларды біреуге Аяз Ата, біреуге Санта Клаус, ал Швецияда Юлий Томтен – Рождестволық гном әкеледі.
Әр елдің өзіндік дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары бар. Мысалы, Шотландия мен Ирландияда көше бойымен жанып тұрған бөшкелерді аунатып, алаулармен шеру ұйымдастырады. Испанияда түнгі сағат 12 соға салысымен, тілек тілеп 12 дана жүзімді жейді, Данияда орындықтан секіреді, Түркия мен Грецияда анар жемісін жерге лақтырып жарады.
Көрме материалдар мен техниканың алуан түрлілігімен таң қалдырады. Экспозицияда акварель, гуашь, май, акрил, тушь және пастельден жасалған суреттерді көруге болады. Аралас техникада көптеген жұмыстар орындалды, сонымен қатар сәндік-қолданбалы өнер ұсынылды.
Көрменің ашылуы түрлі-түсті мереке ретінде өтті. Глушковтар театр студиясының оқушылары мен педагогтары «әлем шарлап » жаңа жылдық дәстүрлерді зерттей отырып, барлығын жарқын эмоциялармен қуаттандырып, ойындармен шабаттандырды. Балалармен бірге көңілді кейіпкерлер шыршаны безендірді, открыткалар салды және бұғыларды «жекті». Мереке соңында студия оқушыларын грамоталар мен сыйлықтар күтіп тұрды.
Сіздерді көрмеге шақырамыз, онда әр түрлі елдердің жаңа жылдық дәстүрлерін өз көзіңізбен көріп, біле аласыз.
Невзоровтар музейінің көркемсурет студиясының оқушылары үшін жаңа жылдық мереке ұйымдастыруға көмектескені үшін «ЖК Гаврин Е. И.» өндірісінің басшысы Д.Д. Лигайға, жұбайлар Гавриндерге, сондай-ақ, «Меркурий» кәсіпорны мен жұбайлар Алтуховтарға зор алғысымызды білдіреміз!