Жаңалықтар

Абай облысы Невзоровтар отбасы атындағы облыстық бейнелеу өнері музейінде

суретші Юрий Негодаевпен шығармашылық кездесулер

Музей залдарымен аяғын ақырын баса, мейірімді, ашық және жылы жүзді, бойы аласа адам келеді. Оның сымбатты фигурасы, жылтыраған қасқабасы және көңілді жарқыраған көгілдір көздері, мүмкін, оның табиғаты мен кәсібі туралы көп нәрсені білетін адамға, физиогномия саласындағы сарапшыға және тағы да басқа қыр-сырын айтуы мүмкін, бірақ бейтаныс жанға бұл адам қабырғалардағы кенептерді қызықтап тұрған жай ғана музейдің келушісі болып көрінеді.  Бірақ бұл жай келуші емес! Ол – жаны ерекше суретші.

Оның есімі Юрий Юрьевич Негодаев. Ол бір кездері біздің қалада тұрып, педагогикалық институтта оқып, картиналар салған және сол кездегі көптеген жас суретшілер сияқты бағынбаушылық танытты. Бұл жастар пішінді бұзып, түспен ойнап, жарыққа «өзінің» философиясын шығарған. Олардың барлығы жас және жігерлі еді және әлемге өз ойлары мен пайымдарын жеткізгісі келген. Юрий Негодаев та солардың бірі болды. Бірақ қазір он жылдан астам уақыт бойы суретші туған өлкесінен алыс, Ресейде, ескі Владимир қаласында тұрады және содан бері қатты өзгерген, бірақ өзінің өзгерісіне көңілі толмайды.

Юрий Юрьевич суретші өзгере алмайды деп санайды. Нағыз суретші тұрақты болуы керек және адамдарға рухани түсінікті болуы керек.  Тек осылай. Ал өзіңді, «өз жолыңды» іздеу – менменшілдік. Музей қызметкерлерімен әңгімелесу кезінде: «Әр адамның жолы – қызмет ету», — деді Юрий Юрьевич. Қарапайым, шын жүректен және кішіпейілділікпен айтты. Оның айтқан сөзіне әрбірі сеніп, өзіне «Ал менше, мен адамдарға қызмет ете аламын ба? Дәл солай, ештеңе күтпей ме?». Бұл сұрақ қиынға түсті.

Юрий Негодаев – тамаша сұхбаттас. Негодаевты әрқашан бөлісуге дайын білімі, табиғатты терең түсінуі және шығармашылыққа шынайы, толық берілгендігі, ерекше көркемдік түйсігімен үйлесе отырып, оны талантты педагог-суретші етеді. Ол студенттермен жұмыс істеп қана қоймай, өнер мәселелеріне қызығушылық танытқандардың барлығымен шығармашылық интеллектуалды қарым-қатынасқа дайын. Музейде де оны ризашылықпен тыңдауға кездеуге дайын тыңдаушылар күтіп тұрды. Мұнда ол кездейсоқ келген жоқ. Тамыздың ыстық күндерінің бірінде Юрий Юрьевич туған қаласына сапармен келген. Оның қаладан көшіп кеткеніне отыз жыл өткен болсада ұзақ тарихы мен терең достығы бар музейге келмей кете алмады. Музей жинағында оның бес суреті сақтаулы.

Екі шығармашылық кездесу, жалпы өнердің мәні және оның шығармашылығы туралы ұзақ әңгімелер музей қызметкерлері үшін нағыз құпия сыр ашу болды. Юрий Юрьевич – сом тұлға. Ол өзінің философиясында айқын рухани бағдарларға және берік ұстанымға ие. Шығармашылығының алғашқы кезеңінде абстрактілі формалармен жұмыс жасай отырып, шынайы табиғаттың натураның стандартты геометриялық қатынастарын бұза, суреттерге жалпыланған немесе әмбебап бейнелерді енгізу арқылы ол өзі белгілеген шеңберден шықпайды. Ол өзінің өнерін «формальды композиция» заңдарына бағындырады, онда түйсігі, қиялы және түпсанасындағы композициялық ережелер мен түс үйлесімділігіне сәйкес әрекет етеді. «Бұл картинаны мен жазбаған сияқтымын», — дейді суретші өзінің бір жұмысы туралы. Оның қазіргі жұмысын абстрактілі деп атауға болмайды. Бұл реализм, дегенмен, суретшінің айтуынша, «экзистенциалды» реализм, ол ресми композиция заңдарына бағынады, дәлірек айтсақ, шебердің өзі айтқандай, «формальды-композициялық интуиция».

Суретші өз еліне қайтты. Әңгіме барысында жасырын жазылған әсерлер мен дәйексөздер ғана қалды:

«Әр адамның жолы – қызмет ету, ол адам болу және тұлға болып қалыптасу»

 «Қазіргі заманғы өнер философиясы — тітіркендіру, эпатаж таныту. Бірақ мен өзім үшін ешқашанда аспайтын адамгершілік шекараларын қойдым»

«Өнердің негізінде өзімшілдік емес, адамгершілік жату керек»

 «Дүниежүзілік бауырластық тұжырымдамасы – менің ұраным».

«Картина – жеке материя ретінде, жеке әлем ретінде бағалы».

Өткен кездесулердің әрбір қатысушысының санасында Юрий Юрьевич Негодаевтың адамдарға жеткізетін терең ойлар мен рухани аянға толы әңгімесінің хош жұпары ұзақ уақыт сақталады. Бірақ оның қарапайымдылығымен ол бұл туралы тіпті білмеуі мүмкін.