Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейінің залдарындағы әлеуметтік көрме
Онкологиялық диагнозы бар адамдарды қолдау мақсатында «Seniminmen» жеке қорының және мәдениет министрлігінің бастамасымен Семейде Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейінде фотография, кескіндеме және графика көрмесі ашылды. Бұл көрме Қазақстандағы үшінші көрме. Осындай іс-шаралар Астана мен Алматыда да ұйымдастырылды. Отбасы орталығы мен оның президенті Жибраева Жанна осы әлеуметтік жобаны қаламызда жүзеге асырды.
Онкология – бұл қорқынышты диагноз, кез-келген уақытта, кез-келген жаста кез-келген адамға әсер ететін ауру. Онкологияны емдеу ауыр науқастар үшін де, жақын адамдар үшін де қиын сынақ. Біреу үмітсіздікке ұшырайды, ауруға мойынсұнады, ал біреу күреседі, қарсылық көрсетеді және жеңеді. Ал өмір жалғасуда. Мұндай мысалдар өте маңызды. Олар берілмеуге, күш табуға, әрі қарай жүруге, өмір үшін күресуге көмектеседі. Жабырқаңқы күндері, үмітсіздіктің ең соңғы сәттерінде – күресудің, жеңістің сәтті үлгісі аяқтан нық тұруға, қайта күресуге күш алуға үміт отын жанғыртады және соңғы мүмкіндікті жіберіп алмауға құтқаратын құралға айналады.
Сондықтан бұл көрме үлкен маңызға ие. Мұнда қатерлі ісік ауруын жеңгендердің фотосуреттері музей қорының кескіндеме және графика туындылары аясында ұсынылған. Кескіндеме сөзінің өзі – «тірі жазу», жарқын, жағымды хабарды жеткізеді, ал көркем шығармалармен байланыс, өздеріңіз білетіндей, өмірлік энергияның қуатты көзі болып табылады. Бүгінгі таңда музейдің залдарының бірінде үйлесім тауып тұрған фотография және бейнелеу өнері ансамблі – бұл үміт, махаббат және жеңіске деген сенімділік түрткісі.
Көрменің ашылуы, әр түрлі залдарда концерттік қойылымдармен және ресми қонақтардың салтанатты құттықтауларымен, сондай-ақ маңызды оқиға және көрме идеясының үйлесімді жалғасы болды. Бұл жоба туралы «Seniminmen» қорының құрылтайшысы Динара Құсайынова, Қор үйлестірушісі Мәжитов Ермек, Абай облысының ядролық медицина және онкология орталығының директоры Белихина Татьяна өз ойларымен бөлісті. ҚР Еңбек сіңірген өнер қайраткері, Әміре Қашаубаев атындағы Мемлекеттік филармонияның солисі Мапруза Утуленованың, Абай облысы әкімінің эстрадалық-симфониялық оркестрінің квартетінің, қалалық филармонияның қазақ халық аспаптар ансамблінің және дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған балет мектебінің сүйкімді оқушылары Камила Исмаилованың қойылымдары көрменің атмосферасын толықтырып, оған нағыз өмір мерекесінің көңіл-күйін сыйлады.