Біздің қамқорлық назарымызда  қамқорлыққа алынған қарттар  үйлері, № 42 тәрбиенушілер интернаты , «Қарттарға және мүгедектерге арналған  МӘМ»,  жалғыз басты зейнеткерлерге қызмет көрсететін аумақтық орталығы.

2015 жылғы қазан айы бойы Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері мұражайы түрлі қызықты шаралар өткізді. Аса маңыздысы:  Қазақстан Ассамблеясының 20-жылдығына арналған және орыс өнерінің 12 фестивальі шеңберінде ұйымдастырылған орыс халық сәндік-қолданбалы өнерінің көрмесі.  Осы жоғарыда айтылған арнайы мекемелерінің 50-ден аса адамы  көрмеге қатысып және жергілікті шеберлер жасаған қолөнер бұйымдарымен таныса алды.  Экспозиция шынайы қызығушылықты тудырды, қолдан жасалған бұйымдар өзінің қарапайымдылығы  және  ақ жүрекпен жасалғандығымен  көрермен жүрегінен орын тапты.

Қарт үйінің  қамқорлығындағы адамдарға  Абайдың 170-жылдығына арналған «Дала данышпаны»  тақырыптық экскурсия жүргізілді.  Көрмені төлем ақысыз көрген 15 адам Невзоровтар мұражайы және республикалық Абай атындағы мемориалдық мұражайының қорынан қызықты деректермен танысты. Көрменің ерекшелігі Абай атындағы әдеби-мемориалдық мүзейінің үйреншікті экспонаттары Невзоровтар мұражайының экспозалдарында  жаңа көрініске ие болды.

Жалғыз басты зейнеткерлерге қызмет көрсететін аумақтық орталығының келушілері  үлкен қызығушылықпен алғашқы кәсіби қазақстандық суретші  Ә.Қастеевтің туындыларының репродукцияларымен танысты.  Осы көрмемен біздің қызметкерлер қарттар мен мүгедектер үйінде де болып қайтты. Бұнда қайтара келу кезінде «Бейнелеу өнеріндегі Абай бейнесі» атты дәріс оқылды. Сонымен, медико-санитарлық мекеменің 70-тен аса адамы екі танымал қазақстандық өнер өкілдерінің өмірі мен шығармашылығы туралы көптеген мәліметтермен таныса алды.

Балалар мекемесінде өтетін көшпелі шығармашылық тренингтер мұражай қызметкерлерінен  шеберлік пен ұйымшылдықты талап етеді. 2015 жылғы 8 қазанда  мұражайдың қызметкерлер тобы «№ 42 орта мектебі, тәрбиенушілер интернаты» КММ-дегі 40 тәрбиенушілерге тренинг өткізді, берілген бір сағат ішінде балалар көркемдік шығармашылықпен айналысып, әдемі бұйымдарды қолдан жасауға үйренді.

Жалғыз басты зейнеткерлерге қызмет көрсететін аумақтық орталығының қамқорындағы адамдарына «Бейнелеу өнеріндегі Абай бейнесі» тақырыпта  2 дәріс  оқылды. Осы тақырыптағы көптеген суретшілердің жұмыстарының репродукциялары  үлкен қызығушылық тудырды.