Қайырымдылық айлығы аясында Қарттар мен мүгедектер күніне арналған «Жарқын болашақ» түзеу және оңалту орталығының тәрбиеленушілерінің сурет жұмыстарының көрмесі ашылды.Бұл постерлерде тәрбиеленушілердің фотосуреттері,сондай-ақ гуашь техникасында орындалған шығармашылық жұмыстары бейнеленген.
Балалардың керемет,тірі және шыңайы суреттері орталық қызметкерлерімен ұйымдастырылған кездесулерде салынған.Осы қызықты және үлкен қажырлықты талап ететін істі балаларға эстетикалық тәрбие беру секторының меңгерушісі Наталия Александровна Белякина басқарды.
Көрме көрсеткендей жаңа шығармашылық әдістемелерін пайдалану арқылы аутист бала шынайы және көп қырлы суреттерді сала алады.Осылайша,өздерінің ішкі жан-дүниесінің бір қырын аша отыра,аутистік ауытқулары бар балаларда сулулықты бейнелей алады.Өйткені,аутист балалардың тұйық болатындығы және айналасындағыларға өз ниетін жеткізе алмайтындығы ешкімге құпия емес.Соңдықтан,осындай балаларды «тас қабықтан» алып шығу және олардың қоршаған әлеммен қатынасын орнату үшін тек арнайы арт-әдістердің көмегімен жүзеге асырылады.Осы әдістер орталық қызметкерлерімен өнделген.
Айта кететін бір жай,осы «Жарқын болашақ» қалалық аутистік ауытқуы бар балаларға оңалту орталығы – Семей қаласындағы аутистік ауытқуы бар балаларға арнайы мамандандырылған кешені қызмет көрсететін жалғыз мекеме.«Ерекше әлем» балалар қорының басшысы — Алимжанова Арайлым Магашевна. Орталықтың құрылу күні — 2015 жыл 29 қыркүйек.«Жарқын болашақ» түзету және оңалту орталығының сабақтарына 20 тәрбиеленушілер қатысады,орталықтың негізгі бағыты: танымдық,қозғалыс,коммуникативтік,эмоциялық-жеке сала,білім және қоршаған орта және қоғам туралы түсініктерді түсіндіру, әр түрлі ойын, өнімді ойлау және шығармашылыққа жататын іскерлігі мен икемдігін арттыру.