Музей қорындағы Валентин Александрович Христолюбовтың сексеннен астам жұмыстары біздің қаламыздың көркем өміріне қосқан жеке үлесін лайықты бағалауға мүмкіндік береді. Әр жылдары, негізінен елуінші – жетпісінші жылдары орындалған портреттер, пейзаждар, тақырыптық суреттер дарындылығының ауқымын көрнекі түрде көрсетеді, көркем көріністің өзіндік ерекшелігін толық сезінуге мүмкіндік береді.
Валентин Александрович Қиыр Шығыста көп балалы отбасында дүниеге келген. Оның әкесі Александр Христолюбов, Киров облысы Манзовка темір жол станциясының бастығы болып жұмыс істеді. Елімізге ХХ ғасырдың 30-шы жылдарда аштық келеді, отбасын асырау қиынға түседі, сол себептен 1932 жылы Христолюбовтар отбасы Қазақстанға көшіп келуге шешім қабылдайды. Бұл жерде олардың туыстары тұратын. Біздің қаламыз болашақ суретшінің екінші туған жеріне айналады. Ол балалық шағынан сурет салуды ұнататын еді, өзінің үлкен әпкесімен бірге оқыған өзеншілер училищесінде оның көркем қабілетін байқап, Омбы көркем сурет училищесіне түсуге кеңес береді. Омбы қаласында оқуды аяқтаған Валентин Александрович Ленинград әскери-топографиялық училищесіне жолдама алады. Ұлы Отан соғысын Қызыл Әскер қатарында қарсы алады. Ол Ленинград қоршауын бұзып шығуына қатысқан және ауыр жарақаттан кейін ұзақ уақыт госпитальда емделген. Үйге оралғаннан кейін оны Семей қаласының көркем-өндірістік шеберханаларына жұмысқа қабылдайды, онда ол 32 жыл жұмыс істеді. Осы уақыттан бастап біздің қаламызда шебердің шығармашылық қызметі басталады.
Осы кезеңде Семей суретшілері Н. В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында өткен қалалық көрмелерге қатысты. Республикалық көрмелерге Валентин Христолюбовтың жұмыстары да қатысты. 1949 жылы Алматыда Ұлы Қазан социалистік революциясының 32 жылдығына арналған көрме өтті. Оған Қазақстанның танымал суретшілері: К. Ходжиков, Б. Урманче, А. Бортников, А. Черкасский, К. Шаяхметов, С. Романов, А. Ғалымбаева, А. Исмаилов, С. Калмыков қатысты. Бұл көрмеде Валентин Христолюбов «Оқу үйі алдында» композициясымен таныстырылған. Жыл сайынғы қалалық, облысаралық көрмелерде Валентин Александрович түрлі жанрда жазылған жұмыстарды ұсынды. Бірақ Ұлы Отан соғысының оқиғаларын бейнелейтін шығармалар ерекше орын алды. Шебер кенеп бетіне адамдардың бастан кешірген үлкен қайғы-қасіреті мен уайымын түсіріп отырған.
Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейінің коллекциясынан пейзаждық этюдтерді зерттеу кезінде суретші сүйікті өлкенің әрбір бұрышын кенеп бетіне түсіріп үлгеруге асыққанын сезіне аламыз. Бұл біздің Ертіс өзені, кішігірім көлдер және сурет бетінде тамаша берілген жылжымалы өзеннің ағысы мен күн сәулелерінің шапағаты, жағалаудың сұлулығы. Бұл көркем таулы жерлер немесе қарағайлы орман, қызғылт-көгілдір аспан астындағы ауаның тазалығы. Ол біздің табиғатымыздың сипатын сезініп, күннің шуақты сәттерін суреттей білді…
Оның пейзаждарына қарап, суретшінің сүйікті жыл мезгілі қай кезең екенін анықтау қиынға түседі. Валентин Александрович табиғаттың әр кезін аса қуанышпен және сүйіспеншілікпен бейнелеп отырған. Көптеген этюдтардың негізінде тыныштық үйлесімі мен сәл болар-болмас қозғалыс жатыр. Табиғат бейнесі тек шынайы ғана емес, онда түстердің әдемілігі өте нәзік берілген. Алайда, оның ауа-райының кейбір кездерін жақсы көргенін байқауға болады. Сондықтан, біз оның көркем суреттерінде бұлыңғыр, жаңбырлы күндерді көреміз, бірақ кенеп бетіндегі бұл құбылыстар көмескі көрінбейді, керісінше жеңілдік пен сергектікті сыйлайды.
Этюдтік жұмыстардың ерекшелігі – екпінді, экспрессивті кескіндеме. Көрерменнің көз алдына суретшінің ашық, жарқын мінезі мен көңіл күйі ашылады. Ол туралы оның палитрасының құбылмалығы және сюжетті таңдауы және сурет салу темпераменті айтып тұр.
Динамикалық жиі пастозды, кейде бір-біріне тегіс үйлесіп жатқан жағындылар, адамның көңіл-күйі мен ішкі жан-тебіренісін тамаша дәл береді. Көрермен шебердің туындысы арқылы барлығына деген сүйіспеншілігін сезіне алады. Онымен қолданылған шағын, корпусты, сенімді, жиі қатты серпінді, бірақ әрқашан экспрессивті жағындылардың жылдамдылығы табиғаттың ауыспалы күйін, адамның жан-дүниесінің жер, су және ауаның тынысымен біртұтаса жатқанын білдіреді. Оның пейзаждарын тамашалау арқылы бізді қоршаған орта не деген әдемі, табиғи тазалық пен құштарлыққа толы деген ойға тоқтайсыз.
Әр жұмысыңда шығармашылық темпераменті және кескіндемемен әуестігі сезіледі. Суретші алуан бояулар гаммасы арасында бір тұтаса кеткендей. Христолюбовтың қызғылт-көгілдір аспаны астында барлығы үйлесімдік пен қуаныш сезіміне бөлене өмір сүреді. Валентин Александрович таза түстерді пайдалана отыра, табиғат құбылыстарының тазалығын, жеңілділігін, қайталанбас сұлулығын кенеп бетінде аса шеберлікпен бере алған. Ол шебердің ерекшелігі болып табылады. Шебер бізді қоршаған ортаны сүюге шақырады.
Қазіргі замандастардың естеліктері бойынша Валентин Александрович Христолюбов «аса өмірге құштар адам». Оның жақын достары біздің, барлық қалалықтарға танымал суретшілер: М. М. Беляев, Г. Т. Шереметьев, Н. И. Яковлев, А. А. Шевченко.
Валентин Александровичке қоршаған табиғатты бізбен сіздің тек қарап тамашалап ғана қойғанымыз емес, оны сүйсіне қабылдаумыз бен сезінуіміз маңызды еді.
Невзоровтар отбасы атындағы ШҚО бейнелеу өнер музейінің ғылыми қызметкері Ильвира Халитова.
- KONICA MINOLTA DIGITAL CAMERA